2025 жылдың I тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 323 (барлығы жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 19 (барлығы жеке тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 304 (барлығы жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2025 жылдың I тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептер негізінде барлығы 30 (барлығы - жеке тұлға, барлығы – электронды түрде берілген) бас тартулар орын алды.
Атап айтар болсақ:
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы электрондық өтінімді дұрыс толтырмауына, ҚР аумағында болу мерзімі асып кету, келісімде басқа жұмыс беруші көрсетілу, өтінімнің аумақтық бөлінісіне сай жіберілмеуі себептерінен «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру» қызметі бойынша 2025 жылғы қаңтар айында – 6, ақпан айында – 4, наурыз айында - 4 бас тарту орын алды. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға қажетті құжаттарды рәсімдеу» қызметі бойынша мүгедектігі бар адамдардың протезді ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету мерзімі ерте болуына байланысты қаңтар айында – 1 бас тарту орын алды. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметі бойынша қызмет алушылар аудандағы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бөлімде рәсімдеуіне, сонымен қатар, мекен-жайын ауыстыру себептеріне байланысты қаңтар айында – 3 бас тарту орын алды. «Мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» қызметі бойынша қызмет алушының оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі аяқталуына және өтінім қайта берілуіне байланысты қаңтар айында – 2, ақпан айында – 4, наурыз айында - 2 бас тарту орын алды. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» қызметі бойынша қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі бойынша құжаттар топтамасын толық ұсынбауына байланысты наурыз айында – 1 бас тарту орын алды.
2) Аудандық экономика және қаржы бөлімімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне және соңғы 2 жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар болуына байланысты қаңтар айында – 1, наурыз айында - 1 бас тарту орын алды.
3) Аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімімен «Мүлікке мекенжай тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша құқық белгілейтін құжаттың болмауына байланысты, 2025 жылғы қаңтар айында – 1 бас тарту орын алды.
Яғни, 2025 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 15 баннер орналастырылған.
Ағымдағы жылғы 14 ақпан күні аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 7 санында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы М.Шмановтың «Қызмет алушының құқықтары қорғалды», 28 ақпан күні № 9 санында аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Беккалиевтің «Мемлекеттік қызметтер», 7 наурыз күні № 10 санында Хазірет ауылдық округі әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызмет көрсету», 21 наурыз күні № 12 санында Сарыжар ауылдық округі әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызмет» атты мақалалары жарық көрді.
Ағымдағы жылғы 15 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Н.Құлшанаевтың қатысуымен «Құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» тікелей эфир өткізілді. «Тікелей эфирге» барлығы 31 қатысушы қатысып, эфир барысында 4 сұрақ қойылды. Барлық сұраққа нақты жауап қайтарылды.
2025 жылғы 21 қаңтар күні ХҚК Мәртөк аудандық бөлімінің ғимаратында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ХҚК аудандық бөлімінің және аудандық көші-қон полиция қызметкерлерінің арасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 288 бұйрығымен «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына енгізілген өзгерістерге байланысты бірлескен оқыту ұйымдастырылды. Оқыту барысында енгізілген өзгерістер негізінде бірқатар мәселелер түсіндіріліп, талқыланды.
Ағымдағы жылғы 17 - 21 ақпан аралығында ауданымызға облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау және мониторингілеу бөлімінің басшысы А.Шамирова, бөлімнің бас инспекторлары А.Каламгазин және О.Спанов жұмыс сапарымен келіп, «2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралар» жоспарына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты Қарашай, Родников және Хазірет ауылдық округі әкімдіктеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша ішкі мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 20 ақпан күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сақтағановтың төрағалығымен және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және мониторингілеу бөлімінің басшысы А.Шамированың, бас инспекторлар А.Каламгазин және О.Спановтың қатысуымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарының арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Аталған семинарда бас инспектор Азамат Бауыржанұлы Каламгазин «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» баяндама жасап, бірқатар мәселелер талқыланып, түсіндірілді.
2025 жылғы 27 ақпан күні жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандары мен ХҚК Мәртөк аудандық бөлімінің қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен әзірленген мемлекеттік қызметтер көрсету барысында жиі орын алатын заңбұзушылықтарға жүргізілген талдау нәтижесінде негізгі проблемалық мәселелер мен жүйелі кемшіліктерді жою және болдырмауға бағытталған ұсыныстар кітапшасы кеңінен таратылып, ақпарат берілді.
Ағымдағы жылғы 20 наурыз күні «мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Мәртөк аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі О.Нұрбердиевтің қатысуымен ауылшаруашылығы саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирге барлығы 35 қатысушы қатысып, эфир барысында 2 сұрақ қойылды. Барлық сұраққа нақты жауап қайтарылды.
Ағымдағы жылғы 26 наурыз күні Қаратоғай ауылдық округімен, 27 наурыз күні Жайсаң ауылдық округімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.