Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмысын жүргізу бойынша заңнамалар талаптарымен таныстырылды.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмысын жүргізу бойынша заңнамалар талаптарымен таныстырылды.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудандық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттармен 2023 жылдың 19 наурызына тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары аясында сайлауалды үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыру бойынша оқыту семинарын өткізді. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы К.О.Бердиев семинарға қатысушыларға бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндады. Сайлау туралы Конситуциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және аудан әкімдігі сайтындағы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылды. Оқыту семинарына Мәртөк аудандық прокуратурасының прокуроры С.Санат ҚР Парламенті Мәжілісінің және маслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу тәртібі мен шарттары туралы баяндамасын таныстырды. Семинарға қатысушылар тарапынан түскен үгіт-насихат кезеңіндегі құқық бұзушылықтар бойынша заң аясында жауап берді.

 

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.Турлыгулова  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3 тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік беретінін хабарлады, үгіт-насихат жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі туралы мәлімет берді. Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а.  Г.Раисова сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге қойылатын талаптарды түсіндірді. Кандидаттар баяндамашылардан өздерінің сұрақтарына жауаптарын алып, кеңестерін тыңдады.

 

 

Дата публикации
22 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы