Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай, Тәңірберген ауылдық округтерінің сайланған әкімдерінің тіркеу туралы хабарлама

9 ақпан 2026 жыл

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2026 жылғы 8 ақпан өткен Мәртөк ауданы Байнассай, Тәңірберген ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы  Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде

Байнассай ауылдық округі бойынша:

Барлық Данияр Хасенұлы,1994 жылы дүниеге келген. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша бас инспекторы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, «Respublica» партиясымен ұсынылған, Байнассай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Тәңірберген ауылдық округі бойынша:

Әлім Оразбек, 1998  жылы   дүниеге   келген. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Дата публикации
11 февраля 2026