Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Мәртөк ауданы Байнассай, Тәңірберген ауылдық округі  әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Мәртөк ауданы Байнассай, Тәңірберген ауылдық округі 
әкімін сайлау қорытындысы туралы
хабарлама
 
2026 жылғы 8 ақпанда Мәртөк ауданының Мәртөк, Тәңірберген ауылдық округі әкімдерінің сайлау өтті.
 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Байнассай, Тәңірберген ауылдық округі әкімдері сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:
 
Байнассай сайлау округі
Байнассай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
 
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 408 азамат енгізілді, олардың 294 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                
Барлық Д.Х. – 252; Мереке Р.– 29; Халиулина Г.А. - 5
 
Барлық Данияр Хасенұлы, 1994 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша бас инспекторы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, «Respublica» партиясынан ұсынылған, Байнассай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
 
Тәңірберген сайлау округі
Тәңірберген ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
 
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1049 азамат енгізілді, олардың 654 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                
Аяшов Ы.А.– 65;  Әлім О. – 463; Калимагамбетов А.М. – 118
 
Әлім Оразбек, 1998 жылы дүниеге келген,  «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
 
 
                                       Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Дата публикации
09 февраля 2026