Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладамработников организаций, финансируемых из местного бюджета Мартукского района

 

Мәртөк ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37бабтарына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың жүргізушілері және қызметтік үй-жайлардытазалаушыларыныңлауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
  2. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәртөк аудандық әкімі

 

М.Искаков

 

Дата публикации
29 января 2026