Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай, Тәңірберген ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Байнассай, Тәңірберген ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Байнассай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша бас инспекторы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, «Respublica» партиясы ұсынған.
2.Мереке Радж, 1979 жылы дүниеге келген,
«Транс Инерт Ком» директоры, Мәртөк ауданы Саржансай ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясы ұсынған.
Тәңірберген ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
«Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясы ұсынған.
Тіркеу уақыты: 14-15.01.2026ж.