Мәртөк ауданы бойынша Байнассай, Тәңірберген ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен
тіркеу барысы туралы
2026 жылғы 8 ақпанда өтетін Мәртөк ауданының Байнассай, Тәңірберген ауылдық округтері әкімідеріне кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 7 кандидат ұсынылды. Оның 3 - саяси партияларынан, 4- өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 6– ер адамжәне 1– әйел адам.
3 -кандидат Қазақстан Республикасысаяси партияларының мүшесі болып табылады, , 4 - партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы - 36 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілі бар.
6 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 6 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі-а.ж.18 қаңтар сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 7 ақпан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.