Мәртөк ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Мәртөк ауданының  ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  1 және 2 тармақшаларына сәйкес Мәртөкаудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Мәртөк ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалсын:

  -   Байнассай ауылдық округі әкімі;

  -   Тәңірберген ауылдық округі әкімі.

         2.Ауылдық округтердің әкімдерінекандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 1 қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 13 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

         3.Ауылдық округтердің әкімдерінекандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026жылғы 18 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

 

Мәртөк аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының  төрағасы           Е.Тыныспаев

 

 

 

Мәртөк аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы           А.Райзих

Дата публикации
31 декабря 2025