Қарғалы учаскесі Каспий маңы ойпатының шығыс жиегінде, Ақтөбе маңы Орал алды аймағында орналасқан. Геологиялық берілімге сәйкес, жер қойнауы учаскесінің ауданы 538,39 шаршы шақырымды құрайды (№5090-УВС контракты 2022 жылғы 25 тамызда ҚР Энергетика министрлігі мен «КазНефтеГазПроект» ЖШС арасында Қарғалы учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша жасалған). Тереңдігі — кристалды фундаменттің төбесіне дейін.
Тектоникалық тұрғыдан алғанда, учаске Орал алды шеткі иініне жатады.
Кеңес дәуірінде, 1950–60 жылдары, Қарғалы учаскесінде барлау бұрғылауы нәтижесінде Петропавл және Александров мұнайға перспективалы құрылымдары анықталған. Бұл құрылымдар шегінде шамамен 22 барлау ұңғымасы бұрғыланды. Бұрғылау барысында көптеген ұңғымаларда мұнай мен газ көріністері байқалды.
2024 жылдың шілде айында Қарғалы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасы әзірленіп, ҚР Орталық кадастрлық ресурстар комитетіне (ЦКРР) ұсынылды. Бұл жоба «КазНефтеГазПроект» ЖШС үшін алғашқы жобалық құжат болды. Компания 2022 жылғы 25 тамыздағы №5090-УВС Контрактқа сәйкес көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарын бастады. Контракттың қолданылу мерзімі 2028 жылғы 25 тамызға дейін белгіленген.
Жобаға сәйкес, 2D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мақсат — палеозой шөгінділерінің геологиялық құрылысын нақтылау және олардың мұнай-газдылығын анықтау. Сондай-ақ екі іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған: бірі — тәуелсіз ұңғыма (тереңдігі 3000 м), екіншісі — тәуелді ұңғыма (тереңдігі 4950 м).
Аймақтың геологиялық-геофизикалық деректеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілгеннен кейін, іздеу-барлау бұрғылау жұмыстарын орналастыруға арналған басым перспективалы учаскелер айқындалып, жобалық ұңғымаларды бұрғылау мерзімдері нақтыланды.
Жоба материалдарында аймақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуі, тектоникасы, мұнай-газдылығы, бұрын жүргізілген сейсмикалық барлау мен бұрғылау жұмыстарының нәтижелері келтірілген.
Кілт сөздер: Каспий маңы ойпаты, 2D сейсмикалық барлау, бұрғылау, құрылым, тектоника, шағылысу горизонты, палеозой шөгінділері, зерттеу жұмыстары, мұнай-газдылық, кен орны, қорларды бағалау.