Мәртөк ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Мәртөк ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі Мәртөк ауданы бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
  2. «Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданған кездегі салық мөлшерлемесін төмендету туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19қарашадағы шешімі (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22қарашадағы № 8654-04 тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
10 октября 2025