Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай, Қарашай, Қызылжарауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясыҚаратоғай, Қарашай, Қызылжар ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Қаратоғай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Алдангоров Нуржан Жангабайұлы- 1999жылы дүниеге келген,«Тәңірберген ауылдықокругі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Еримбетов Рустем Қалбайұлы- 1991 жылы туған, «Қарашай ауылдықокругі әкімі аппараты» ММ-ніңәкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған;
Тәжібеков Арайбек Дидарұлы - 1992 жылы туған, «Мәртөқ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қарашай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Әлім Оразбек- 1998 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-ніңбас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Есбусинов Жалғас Болатұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Утаралина Айгүл Амангелдықызы - 1987 жылы туған, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-ніңбас инспекторы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қызылжар ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Ахметов Арман Ыбырайұлы- 1967 жылы дүниеге келген, «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі,«AMANAT»партиясынан ұсынылған.
Барлық Данияр Хасенұлы- 1994 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Казтуганова Гульжанар Кобланқызы- 1979 жылы дүниеге келген, «Аққұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тіркеу уақыты: 18.06.2025 ж.