Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Қаратоғай, Қарашай, Қызылжар ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы Қаратоғай, Қарашай, Қызылжарауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді.
Қаратоғай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Алдангоров Нуржан Жангабайұлы- 1999жылы дүниеге келген, «Тәңірберген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Еримбетов Рустем Қалбайұлы- 1991 жылы туған, «Қарашай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған;
Тәжібеков Арайбек Дидарұлы - 1992 жылы туған, «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қарашай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Әлім Оразбек- 1998 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Есбусинов Жалғас Болатұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Утаралина Айгүл Амангелдықызы - 1987 жылы туған, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қызылжар ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Ахметов Арман Ыбырайұлы- 1967 жылы дүниеге келген, «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Барлық Данияр Хасенұлы- 1987 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Казтуганова Гульжанар Кобланқызы- 1979 жылы дүниеге келген, «Аққұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тіркеу уақыты: 18.06.2025 ж.