Мәртөк ауданының Қаратоғай, Қарашай, Қызылжар ауылдық округ әкімдерінің сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Мәртөк ауданының
Қаратоғай, Қарашай, Қызылжар ауылдық округ
әкімдерінің сайлау жөнінде сайлау
округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мәртөк ауданының Қаратоғай, Қарашай, Қызылжар ауылдық округтер әкімдерінің сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:
2. Қаратоғай, Қарашай, Қызылжар сайлау округтері – Қаратоғай, Қарашай, Қызылжар ауылдық округтер аумақтарының шекарасында.
3. Аумақтық сайлау комиссиясының шекаралары мен орналасқан жері көрсетілген сайлау округтерінің тізімі Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

Мәртөк аудандық
аумақтық сайлау Е. Тыныспаев
комиссиясының
төрағасы

Мәртөк аудандық
аумақтық сайлау А. Райзих
комиссиясының
хатшысы

Дата публикации
04 июня 2025