Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай, Мәртөк, Родников ауылдық округтерінің сайланған әкімдерінің тіркеу туралы хабарлама

Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай, Мәртөк, Родников ауылдық округтерінің сайланған әкімдерінің тіркеу туралы хабарлама
 
14 сәуір 2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 13 сәуірде өткен Мәртөк ауданы Байторысай, Мәртөк, Родников ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде


Байторысай ауылдық округі бойынша:
Әжниязова Әмина Әкімгерейқызы, 1968 жылы дүниеге келген
«Байторысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Мәртөк ауданы Байторысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Байторысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Мәртөк ауылдық округі бойынша:
Айтмағамбетов Аслан Мұсабайұлы, 1990 жылы дүниеге келген
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Мәртөк ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Родников ауылдық округі бойынша:
Абилов Равиль Сандыбайұлы, 1987 жылы дүниеге келген
«Родников ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Мәртөк ауданы Родников ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Родников ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2025