Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай, Мәртөк, Родников ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Байторысай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Ажниязова Әмина Әкімгерейқызы - 1968 жылы дүниеге келген, «Байторысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Байторысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қадыров Диас Қоштайұлы - 1986 жылы туған, «Мәртөк аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Кусжанов Нұрберген Нұртасұлы - 1994 жылы туған, «Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Мәртөк ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Айтмагамбетов Аслан Мұсабайұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Есбусинов Жалғас Болатұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тажигарин Нұрлан Мұратбайұлы - 1988 жылы туған, Мәртөк балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Саржансай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Родников ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді.
Абдакиев Адайбек Жұмагелдыұлы - 1995 жылы дүниеге келген, «Мәртөқ аудандық ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Абилов Равиль Сандыбаевич - 1987 жылы дүниеге келген, «Родников ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Родников ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Иманиязова Динара Борашқызы - 1986 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Тіркеу уақыты: 18.03.2025 ж.