Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы  ХАБАР

 
 
 
Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы 
ХАБАР
 
 
      2024 жылғы  22 желтоқсанда  Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Мәртөк  ауданының Сарыжар  ауылдық окруінің әкімін сайлау  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Сарыжар сайлау округі
Сарыжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3133 азамат енгізілді, олардың – 1823 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -34.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:    
Аяшов Ы.А.-215; Есбусинов Ж.Б.- 184; Тукибаев Е.Б.- 1371.
Тукибаев Ерлан Берікұлы, 1985 жылы дүниеге келген, «Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімнің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Родниковка ауылының тұрғыны,  Сарыжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
 
                                     Мәртөк аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы
Дата публикации
23 декабря 2024