Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Аяшов Ырысбай Аманжолұлы - 1992 жылы дүниеге келген, «Мәртөк аудан әкімінің аппараты» ММ-нің жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Есбусинов Жалғас Болатұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Тукибаев Ерлан Берікұлы - 1985 жылы дүниеге келген, «Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімнің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Родниковка ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.