Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округ әкімдерің сайлауы кезінде «Мәртөк тынысы» газеті бетінде орын берудің шарты және тәртібі, төлем мөлшері туралы ЕРЕЖЕ
Сайлауалды үгіт материалдарын қара-ақ түспен орналастырудың құны 1 шаршы сантиметрге – 300 теңге, түрлі-түсті түспен орналастырудың құны 1 шаршы сантиметрге – 350 теңге.
Үміткер ұсынған мәтіндік, фото тағы басқа материалдарға үміткердің хаты қоса жолданып материалдардың әр бетіне өзі қол қояды немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қоюға үміткерден сенімхат алған адам қол қоя алады. Осы шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттен алып тасталынады.
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру редакцияның ұйғарымымен болады.
Газет макетін жасау, материалдарды орналастыру үшін 100 пайыздық алдын ала төлеу немесе 10 күнтізбелік күннің ішінде төлеу белгіленеді.
Сайлауалдыүгіт материалы «Сайлау-2024» дегенгрифпенжарияланады. Бұл гриф жарнамаланатынматериалдыңаумағындаорналасуытиіс. Сайлауалдыүгітматериалындақаржыландыру көзі көрсетіледі.
Форс-мажорлық жағдай ҚР қолданыстағызаңдылығыменбелгіленген.
Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясының түсіндірмесіне байланысты толықтырулар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.