Мәртөк ауданындағы 2024 жылы
атқарылған жұмыс және 2025 жылға
арналған жоспар туралы
аудан әкімі М.Ысқақовтың баяндамасы
Ауданның 2024 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстарына тоқтала кетсем:
Құрылыс саласы бойынша Мәртөк ауылында 132 тұрғын үй,Кенсхаара ауылында 8 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр,ағымдағы жылдың соңына пайдалануға берілу жоспарлануда (Бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде 708 адам (көп балалы отбасылар – 148, жетім балалар – 293, халықтың әлеуметтік осал топтары – 189, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 78,Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған-1) тұр).
Спорт обьектілерінен 2022 жылы 4 ауылдық округте спорттық кешенінің құрылысы басталып, 2023 жылы Родников, Жайсаң және Сарыжар ауылы пайдалануға берілді. 2024 жылы Қаратоғай ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жалғасып, биыл пайдалануға беріледі.
Білім беру обьектілері бойынша Сарыжар ауылында бала санының өсуіне байланысты 300 орындық «Жайлы мекеп» жобасы бойынша жаңа мектеп салынып жатыр. Мәртөк ауылындағы № 3 Мәртөк жалпы орта білім беру мектебінің спортзал құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда Кеңсахара және Достық ауылына жаңа мектеп салуды қажет етеді, жобалық сметалық құжаттамалар дайын, қаражат бөлінуі байланысты жұмыстар жүргізілетін болады.
Мәртөк ауылында өнер орталығы құрылысы басталды,Родников ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Байторысай және Аққайың ауылдарында медициналық пунттің құрылысы жүргізілуде.
Автомобиль жолдары мәселесіРеспубликалық маңызы бар жол – 70 км құрайды, 100 пайызы жақсы жағдайда. Облыстық маңызы бар жолдар – 131 км құрайды, 71,1 пайызы жақсы жағдайда, «Родниковка-Мәртөк» 05-42 бағытындағы жолға орташа жөндеу жасалуда. Аудандық маңызы бар жолдар - 219,7 кмқұрайды, 79 пайызы жақсы жағдайда, қазіргі кезде Мәртөк-Байторысай (0-15 км, 15-30 км), Байторысай – Шевченко (13 км), Шевченко – Қызылжар (12,5 км) бағытындағы жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Мәртөк-Қаратаусай (0-11,4 км) жолы бойынша жұмыстар толық аяқталған жоқ,жобаға түзету жұмыстары жүргізілуде.Ауылішілік жолдары (243 көше) 267,3 км құрайды, 32 пайызы жақсы жағдайда. Барлық ауылдардың жолын қиыршық тас төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сарыжар ауылында Әйтеке би, Иманов, Әл-Фараби, Абай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жасалды. Аудан орталығы Мәртөк ауылының қазіргі таңда 25 көшесіне қиыршық тас төселіп тегістелді және 2 көшесіне асфальт төселді. Жолдарды жөндеу жалғасады.
Ауыз су мәселесі бойынша бүгінде Мәртөк ауданында 32 елді мекеннің 24-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, елді-мекендер бойынша 75 % (тұрғындардың 94,9 %) қамтылған. 2021-2022 жылдары халық саны 200 адамнан төмен 7 ауылында кешенді блок-модульді (КБМ) су тазарту станциясы орнатылды (Первомайка, Жанажол, Дмитриевка, Покровка, Егізата, Көкпекты. Қарабұлақ). Аталған жұмыстардың нәтижесінде 670 тұрғын ауыз сумен қамтылды. Бүгінгі күні Хазрет және Кенсахара ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту ЖСҚ әзірленіп жатыр. Ағымдағы жылы Шевченко ауылының ауыз су жүйесін жақсарту мақсатында, су айдау бекетіне, су тазарту фильтрі орнатылды. Сонымен қатар Жаңатаң ауылына КБМ орнатылды.
Ауылдарды газдандыру мәселесіАуданның газбен қамтылған елді-мекендер саны – 16 немесе 50 % (тұрғындар бойынша газбен жабдықтау көрсеткіші – 88 %), құрап отыр. Хазірет ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы, Қызылжар, Шевченко, Бөрте, Байнассай, Ақмоласай ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы жұмыстары басталды. Алдағы жылдарға жобасы дайын Аққайың, Покровка ауылдарына жеткізуші газ өткізу үшін қаражат бөлу қарастырылуда. Полтавка ауылына газ өткізу үшін жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр.
Шағын және орта бизнесті дамыту бойыншажұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны2252 бірлік.2024 жаңа 14 нысан ашылып және 92 тұрғын жұмыспен қамтылды.2025 жылы ірі3 нысан ашулы жоспарлануда.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша2024 жылдыңқазан айындаауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8564,7 млн.теңге немесе 102,0 % құрады (мал шаруашылығы – 8563,8 млн. тг., өсімдік шаруашылығы – 0,5 мың га). Аудан бойынша барлығы 484 ШҚ бар, оның 234 егін шаруашылығымен, 250 мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемі 500 га ауыл шауашылығы мақсатындағы жерлерден асатын 162 ШҚ жұмыс жасайды
2024 жылғы егіс жұмыстарына 147 мың га алаңына ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Бүгінгі күні дәнді дақылдар жиналғаны 92,4 мың га, оның ішінде күздік дақылдар – 9,9 мың га, бидай -5 1 мың га, арпа - 27 мың га, сұлы-0,9 мың га, құмай - 3,6 мың га, орташа жалпы өнім 17 ц/га.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1 млрд 50 млн теңге соммасына 164 жоба тапсырылып, 611,7 млн теңгеге 87 жоба мақұлданды.
Жер қатынастары саласы бойыншамақсатына сай пайдаланбай отырған11 шаруа қожалықтан жалпы көлемі 5,8 мың га жер учаскесі оның ішінде (852,4 га егістік және 4974,7 га жайылым) анықталып келісім шарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттің босалқы жер қорына қайтарылды. Аудан бойынша жер кезегінде 5 311 адам(Мәртөк ауылы – 2 447, Қазан ауылы – 330, Құмсай ауылы – 56, Саржансай ауылы – 448, Кеңсахара ауылы – 62, Родников ауылы – 137, Сарыжар ауылы – 1 782, Қаратоғай ауылы – 49 адам) тұр. 2016-2023 жыл аралығында 1854 жер учаскесі табылталды, игерілгені – 975, қайтырылғаны – 295.
Жұмыспен қамту саласы бойынша ағымдағы жағдайына 2772 мыңнан астамжұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, 2722 адам қамтылды (98 %).Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тиесілі әлуметтік қызметтер көрсету Порталымен 559 мүмкіндігі шектеулі адам техникалық оңалту құралдарымен және санаторий-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді. АӘК алушы 61 отбасы бар, оның ішінде 325 адам (20 млн 405 мың тг).
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 67 өтініш берушіге 100 МРП (мемлекеттік әлеуметтік көмек) берілді. Сонымен қатар, Ақтөбе қамқорлық қорынан 25 үйге жөндеу жұмыстары атқарылды, ал Болат Өтемұратов қорынан 6 үй сатып алынды. Мәртөк, Сарыжар және Саржансай ауылдарында бөгеттерді нығайту және кеңейту жұмыстары жүргізілді.