Мәртөк ауданы бойынша 2024 жылдың ІII тоқсанына
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама
2024 жылдың IIІ тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 223 (барлығы жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 43 (барлығы жеке тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 180 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2024 жылдың IІI тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлығы 73 (69 – электронды түрде, 4 – қағаз түрінде), заңды себептер негізінде 73 бас тартулар берілді.
Атап айтар болсақ:
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды ұзарту» қызметі бойынша – 2024 жылғы шілде айында - 2, тамыз айында – 11, қыркүйек айында – 2 бас тарту орын алды. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру» қызметі бойынша шілде айында – 9, тамыз айында – 6, қыркүйек айында – 19 бас тарту орын алды. «Мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды дайындау» қызметі бойынша шілде айында – 1, қыркүйек айында – 1 бас тарту орын алды. «Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарға куәлік беру» қызметі бойынша шілде айында – 3, қыркүйек айында – 1 бас тарту орын алды. «Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды дайындау» қызметі бойынша шілде айында – 2, тамыз айында - 1, қыркүйек айында – 1 бас тарту орын алды. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша тамыз айында – 1 (қағаз түрінде), қыркүйек айында - 1 (қағаз түрінде) бас тарту орын алды.
2) Аудандық ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімімен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, қызмет алушылардың тұрғылықты мекенжайы басқа облыста болу, өтініш бере тұра өздерінің жеке тұрғын-үйлері бар екендігі анықталу және жолдасының атында тұрғын-үйі болғандықтан, оны отбасы тізімінде көрсетпеу себептерінен шілде айында - 1, қыркүйек айында - 2 бас тарту орын алды.
3) Аудандық экономика және қаржы бөлімімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы беру» және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, бос орындар тізімінде болмауына байланысты шілде айында - 6, қыркүйек айында - 1 бас тарту орын алды.
4) Мәртөк ауылдық округімен «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, жер учаскесінде құрылыс болмауына байланысты 2024 жылғы шілде айында – 1 (қағаз түрінде) бас тарту, Сарыжар ауылдық округімен тамыз айында - 1 (қағаз түрінде) бас тарту орын алды.
Яғни, 2024 жылдың IIІ тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 17 баннер орналастырылған.
Ағымдағы жылғы 20 шілде күні аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 29 санында Қаратоғай ауылдық округінің «Мемлекеттік қызмет – әлеуметтік маңызы бар көмек халықтың өмірі үшін», 27 шілде күні № 27 санында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделу қызметін көрсету», 3 тамыздағы № 31 санында Жайсаң ауылдық округінің «Мемлекеттік қызмет көрсету», Тәңірберген ауылдық округінің «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту», 7 қыркүйектегі № 36 санында аудандық экономика және қаржы бөлімінің «Дипломмен ауылға» сәтті жоба» атты мақалалары жарық көрді.
2024 жылғы шілде айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1 қызметкер, тамыз айында 1 қызметкер біліктілікті арттыру семинар-курстарын өтті.
Ағымдағы жылғы 9 қыркүйек күні Жайсаң ауылдық округімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.