Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі№ 108
«Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |