МӘРТӨК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЫ
Аққұдық және Байнассай ауылдық округ әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы
2024 жылғы 7 шілдеде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Аққұдық және Байнассай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Мәртөк ауданының Аққұдық және Байнассай ауылдық округ әкімдерінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қорытындысын шығарды:
Аққұдық сайлау округі
Аққұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 850 азамат енгізілді, олардың 603 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алдангоров Е.Ж. - 47; Алманиязова З.Е. - 46; Бақбергенов А.Н.- 497.
Бақбергенов Әлібек Нұрлыбекұлы, 1994 жылы дүниеге келген, "Мәртөк ауданы әкімінің аппараты" ММ әкімінің орынбасары, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Байнассай сайлау округі
Байнассай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 419 азамат енгізілді, олардың 295 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ағайдарова К.З. - 237; Дүзбаев Р.А. - 25; Қарашев А.С- 27.
Ағайдарова Күләш Зайналғобиқызы, 1971 жылы дүниеге келген, "Байнассай ауданы әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Байнассай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы