Мәртөк ауданы бойынша 2024 жылдың ІI тоқсанына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

2024 жылдың IІ тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 285 (283 – жеке тұлға, 2 – заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 78 (76 – жеке тұлға, 2 – заңды тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген– 207 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.

2024 жылдың IІ тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлығы 44 (42 – электронды түрде, 2 – қағаз түрінде), заңды себептер негізінде 44  тартулар орын алды.

Атап айтар болсақ:

 1) 2024 жылғы сәуір айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша сәуір айында – 1 бас тарту, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту» сәуір айында – 1, мамыр айында – 11, маусым айында 10 бас тарту орын алды;

2) Аудандық ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімімен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, қызмет алушылардың тұрғылықты мекенжайы басқа облыста болу, өтініш бере тұра өздерінің жеке тұрғын-үйлері бар екендігі анықталу және жолдасының атында тұрғын-үйі болғандықтан, оны отбасы тізімінде көрсетпеу себептерінен сәуір айында 8 бас тарту, мамыр айында 4 , маусым айында 3 бас тарту орын алды;

3) 2024 жылғы маусым айында аудандық экономика және қаржы бөлімімен «»мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, толық емес құжаттардың болуына байланысты 2 – бас тарту орын алды.

5) 2024 жылғы маусым айында Мәртөк аулдық округімен «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, жер учаскесінде құрылыс болмауна байланасты 1 – бас тарту орын алды.

Яғни, 2024 жылдың IІ тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.

Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 17 баннер орналастырылған.

Ағымдағы жылғы 20 сәуір күні аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 16 санында аудандық «ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің «Стандарт государственной услуги» «Выдача паспарта готовности энергопроизводящим и энергопотребляющим организациям к работе в осенне-зимний период», 18 мамырдағы № 18 санында аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер», 18 мамырдағы № 18 санында Родников ауылдық округінің ««Мемлекеттік қызмет көрсету басты мақсатымыз», 08 маусымдағы № 23 санында аудандық жер қатынастар бөлімінің «Жер учаскелерін қалыптастарып, жерге орналастыру жобаларын бекітеміз», 22 маусымдағы № 25 санында Хазрет ауылдық округінің ««Мемлекеттік қызмет көрсету» және 29 маусымдағы № 26 санында Сарыжар ауылдық округінің ««Мемлекеттік қызметкер рөлі мен мәні »  атты мақалалары жарық көрді.

2024 жылғы мамыр айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 қызметкер біліктілікті арттыру семинар-курстарын өтті.

Ағымдағы жылдың 18 маусымда аудандық ХҚКО-да аудан әкімдігі бөлімдерінің қатысуымен «Қызмет алушылар күні» аталған іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада халыққа ауыл шаруашылығы - ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, субсидиялар және басқа да мемлекеттік қызметтер мәселелері түсіндірілді

2024 жылғы 25 сәуір күні облыстық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы А.Б. Каламгазин және бөлімнің бас маманы А.Сербай Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не, Мәртөк, Қаратоғый, Жайсан және Мәртөк ауылдық округтеріне ішінара ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық жер қатынастары, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандарының қатысуымен отырыс өткізді. Отырыс барысында «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»,  мемлекеттік қызметтерінің көрсетілу тәртібі және басқа да маңызды мәселелер қаралып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2024 жылғы 25 сәуір күні және 2024 жылғы 28 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сақтағановтың төрағалығымен мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандарының қатысуымен «Аудандық жергілікті атқарушы органдардағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша проблемалық мәселелері» туралы отырыс өткізілді. Отырыс барысында Көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету кезенде туындаитың проблемалық мәселелері бойынша және мемлекеттік қызметтерінің уақытылы әрі сапалы көрсетілу мәселелері қаралды.

Сонмен қатар, ағымдағы жылдың 26 сәуір, 27 мамыр, 29 мамыр, 04 маусым, 21 маусым, 24 маусым күндері аудандық жер қатынастар бөлімінде, Қаратоғай, Мәртөк, Жайсан, Родников, Хазрет және Қарашай ауылдық округтерінде қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні аудандық қоғамдық кеңес отырысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер туралы» және «2024 жылдың I тоқсан қорытындысына сәйкес, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер»  мәселер қаралды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

 

*Ескертпе: талдамалық анықтамада көрсетілген мәліметтерді растайтын ақпараттық материалдар қосымшажалғанады.

Дата публикации
05 июля 2024