2024 жылдың I тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 196 (195 – жеке тұлға, 1 – заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 15(14 – жеке тұлға, 1 – заңды тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген– 181(181– жеке тұлға, 0 – заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2024 жылдың I тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлығы 13 (13 – электронды түрде, 0 – қағаз түрінде), заңды себептер негізінде 13 тартулар орын алды.
Соның ішінде атап айтар болсақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2024 жылдың «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» наурыз айында 1 бас тарту, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» ақпан айында -1 бас тарту, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» қаңтар айында 2, ақпан айында -4, наурыз айында -2 бас тарту орын алды.
Аудандық «ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, қызмет алушылардың 5 жыл бойы тұрғын үй тіркелгені, өтініш бере тұра өздерінің жеке тұрғын-үйлері тіркелгендігі, қаңтар айында 2, наурыз айында 1 бас тарту орын алды.
2024 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мониторинг» ақпараттық жүйесінен Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтер бойынша 1 қызметтің көрсетілу мерзімі бұзылғандығы аңықталды. Анықталған заңбұзушылық бойынша жауапты тулғалар жауапкершілікке тартылды және олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылғы 20 ақпан күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлжанның төрағалығымен әскерге шақыру жөніндегі аудандық комиссия мүшелерінің және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «2023 жылғы күзгі әскерге шақыруды қорытындылау және 2024 жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына дайындық» туралы отырыс өткізілді. Отырыс барысында «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерінің уақытылы әрі сапалы көрсетілу мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 наурызында аудандық ХҚКО-да аудан әкімдігі бөлімдерінің қатысуымен «Қызмет алушылар күні» аталған іс-шара өткізілді. Халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтар кеңес алды.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 17 баннер орналастырылған.
Ағымдағы жылғы 30 наурыз күні аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 13 санында Мәртөк аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің «К вниманию, с 2 мая начинается ежегодный государственный технический осмотр» атты мақалалары жарық көрді.
2024 жылғы ақпан айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 қызметкер біліктілікті арттыру семинар-курстарын өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында аудандық қоғамдық кеңес отырысында «2024 жылдың I тоқсан қорытындысына сәйкес, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер» мәселесін қарау жоспарлануда.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.
*Ескертпе: талдамалық анықтамада көрсетілген мәліметтерді растайтын ақпараттық материалдар қосымша жалғанады.