Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық, Байнассай ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Аққұдық ауылдық округі бойынша:
Алдангоров Ержан Жангабайулы - 1993 жылы туған, «Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Саржансай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Алманиязова Зарина Елемесқызы - 1988 жылы дүниеге келген,
«Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімі» ММ басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Бақбергенов Әлібек Нұрлыбекұлы- 1994 жылы туған, «Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Байнассай ауылдық округі бойынша:
Агайдарова Куляш Зайналгобиевна - 1971 жылы туған, «Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Байнассай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Дузбаев Рустембек Алпамысович - 1981 жылы туған, «Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Қарашев Арслан Сұлтанғалиұлы - 1998 жылы дүниеге келген, «Қызылжар ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қызылжар ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тіркеу уақыты: 13.06.2024 ж