Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Аққұдық және Байнассай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Аққұдық және Байнассай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы Аққұдық және Байнасай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:

 

Агайдарова Куляш Зайналгобиевна - 1971 жылы туған, «Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Байнассай ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған;

 

Алдангоров Ержан Жангабайулы  - 1993 жылы туған, «Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Саржансай ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған;

 

Алманиязова Зарина Елемесқызы - 1988 жылы дүниеге келген,

«Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімі» ММ басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;

 

Бақбергенов Әлібек Нұрлыбекұлы- 1994 жылы туған, «Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған;

 

Дузбаев Рустембек Алпамысович - 1981 жылы туған, «Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған;

 

Қарашев Арслан Сұлтанғалиұлы - 1998 жылы дүниеге келген, «Қызылжар ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қызылжар ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

 

 

 

Тіркеу уақыты: 13.06.2024ж

Дата публикации
13 июня 2024