Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32994 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының оң сегізінші абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.08.2023 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес кепілді сома шегінде жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
2) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
3) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – АОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Мемлекеттік корпорация;
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы).
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.
"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.
Шартта мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы өткізу кезінде құнын өтеуге жатпайтын қызметтерді ұсыну талаптары айтылады.
Мыналар:
1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;
2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар;
3) он сегіз жасқа толмаған;
4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам жеке көмекші бола алмайды.
2-тарау. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері салыстырылғаннан кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
қалалық басқармада, жұмыспен қамту бөлімінде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон.
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелерінің, жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қаңтарда № 31679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 4 бұйрық) бекітілген тәртіпте "Электрондық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесінде (бұдан әрі – "Электрондық жолданымдар" АТЖ) тіркеуге жатады.
Шағымды тіркеу ӘРПК 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.
"Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркегеннен кейін әрбір шығым бойынша арыз иесіне күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, № 4 бұйрықпен бекітілген нысанда талон беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың және жұмыспен қамту бөлімінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар және жұмыспен қамту бөлімі және егер шағым үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметті нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
2-параграф. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Проактивті қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.
Келісім түскен күннен бастап қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
3-параграф. Веб-портал арқылы "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Өтініш "электрондық үкімет" шлюзі арқылы берілген кезде:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
3-тарау. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
1-параграф. Портал арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
АОЖБ деректері Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне сегіз сағаттан аспайтын есеппен жеке көмекшінің көрсететін қызметтерінің көлемін қамтиды.
Жеке көмекші көрсететін қызметтерінің көлемін "Іс-шараларды жоспарлау" модулінің деректерін ескере отырып, қалалық басқарманың мамандары, "Е-Собес" ААЖ-дан жұмыспен қамту бөлімдері порталға тоқсан сайын немесе ағымдағы жылдың соңына дейін немесе ағымдағы жылы мүгедектік кезеңі аяқталғанға дейін жібереді.
Өнім берушіні таңдауды іске қосу туралы мәліметтер порталдан "Е-Собес" ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін өтініш беруші "Е-Собес" ААЖ-дағы кезектілікті ескере отырып, өнім берушіні порталда таңдайды.
өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) алып тастауға өтініш берілді;
маманның (мамандардың)жүктемесі салдарынан қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
қызмет алушының тұрғылықты жерінде көрсетілмейді;
бұрын алушыға куәлардың жазбаша айғақтарымен расталған маманның (мамандардың) атына негізсіз қорлау және адами қадір-қасиетін қорлайтын айыптар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылды;
форс-мажорлық жағдайларға байланысты қызмет көрсетудің мүмкін еместігі (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).
Жеке көмекшінің қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші АОЖБ-ны қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) – жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.
"Е-Собес" ААЖ-да АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
Алушы мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып, өзі таңдаған өнім беруші жеке көмекшінің қызметін мынадай себептер бойынша одан әрі ұсынудан бас тартады:
өнім берші қызмет көрсетуге уақытылы кіріскен жоқ;
өнім беруші қызмет көрсету мерзімі мен уақытын жүйелі түрде бұзады;
өнім беруші тиісті емес сападағы қызметтерді көрсетті және өнім беруші кемшіліктерді мен белгілеген мерзімде жоймады;
өнім беруші тарапынан менің мекен-жайыма адамның қадір-қасиетін қорлайтын бірнеше рет негізсіз қорлау және айыптау;
басқа тұрғылықты жерге көшу.
Өнім беруші мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып, жеке көмекшінің қызметін одан әрі ұсынудан бас тартады:
форс-мажорлық жағдайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебі бойынша қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
куәлардың жазбаша айғақтарымен расталатын, қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан адамның қадір-қасиетін қорлайтын негізсіз қорлаулар мен айыптаулар;
қызметтер көрсетуге негіз болған нормативтік құқықтық актінің күшін жою.
2-параграф. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
3-параграф. Жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеу тәртібі
Жеке көмекшінің бір сағатта көрсететін қызметтеріне ақы төлеуді есептеу тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.08.2023 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде жүргізеді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де заңды тұлғалардың қаражаты есебінен кепілді сомадан тыс міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей есептеледі және аударылады.
Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару кепілді сома шегінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Өнім берушіге ақы төлеу өтініш беруші тапсырыс қабылданғаны туралы өнім берушінің хабарламасын алған күннен бастап нақты көрсетілген уақыт үшін жүзеге асырылады.
Өнім беруші бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған кезде төлем құжаттарын қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қолын қоймай ұсынады.
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер
1) толық соқырлық;
2) түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;
3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;
4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
7) гемиплегия, триплегия, параплегия;
8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (ІІІ кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған ІІІ дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);
9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
10) буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
11) қолдардың екеуінің де протездеуге арамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
15) жүріп-тұрудың ІІІ дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.
1) бактерия тарататын туберкулез (БК+);
2) жұқпалы тері және шаш аурулары;
3) жыныс аурулары;
4) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|
|
Нысан |
|
|
Жергілікті атқарушы |
Жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға өтініш
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________
Туған күні: _________________________________________________________
Мүгедектік _________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _______________________________
Құжат нөмірі: _____________________ кім берген: ____________________
Берілген күні: "____" ______________________ ______ жылы
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы
Облыс ______________________________________________________________
қала (аудан) _______________________ ауыл: _____________________________
көше (шағын аудан) ___________________ -үй ______ -пәтер ___________
Телефон _____________________________________________________________
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну үшін:
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
Мемлекеттік сатып алу арқылы құжаттар қабылдауды сұраймын.
(керегінің астын сызу)
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
№ |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтар саны |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20____ жылғы "____" ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
(Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
__________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
20____ жылғы "____" _______________________________________________________
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - - -
кесу сызығы
Азаматтың өтініші _____________________________________________ қабылданды.
Өтінішті қабылдау күні 20___жылғы "____"
__________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||
|
"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері); 3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) – проактивті қызмет; 4) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал). |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап бес жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/проактивті/қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады; 2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. 3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде: 1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамнан сенімхат. Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады; Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену; 2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған: 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; 2. Мемлекеттік корпорацияның – www.gov.kz. Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. |
|
|
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||
|
|
Нысан |
|||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,
__________________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі
(мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)
Сіздің мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарға байланысты "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды, атап айтқанда: жоқ құжаттардың/қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________;
3) ______________________________.
қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
________________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі
(мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Алдым:
_________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
20___ жылғы "___" ___________
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
Хабарлама
Тегі _____________________________________________________________________
Аты _____________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________
Құжаттың нөмірі: ______________________ кім берген: _________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:
Облыс ___________________________________________________________________
Қала (аудан) __________________________________________________________ ауыл:
__________________________________________________________________________
Көше (шағын аудан) ___________________ -үй _____________ -пәтер ______________
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабардар етеміз.
Өтініш қабылданды және "Е-собес" ААЖ кезегінің электрондық журналында 20__ жылғы "__" _____ № __ нөмірімен тіркелді.
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдау мүмкіндігі туралы (aleumet.egov.kz) мобильді азаматтар базасында тіркелген Сіздің абоненттік ұялы байланысының телефон нөміріңізге смс-хабарлама жіберілетін болады.
Мемлекеттік органның басшысы ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің (бар болса)
20___ жылғы "___" ____________
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
Смс-хабарлама журналы
____________________________________________________________
(протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, арнаулы жүріп-тұру құралдары)
|
№ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Іс № |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, арнаулы жүріп-тұру құралдары |
Хабраламаның сипаты/жауаптың коды |
Смс-хабарлама жіберілген кезең |
Телефон № |
Маман |
|
|
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||||
Нысан
Жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы
____________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефоны мекенжайы бойынша тұратын
__________________________________________ 20___ жылғы _________ай үшін
|
№ |
Күні |
Мүгедектігі бар адам жеке көмекшінің ілесіп жүруімен келген объектілердің тізбесі |
Сағат саны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
____________________________________________________________
Жеке көмекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы/ЭЦҚ
____________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы /ЭЦҚ
20___ жылғы "____" ____________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК