Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32992 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
орынбасары - |
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген сома шегінде құнын өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру обьектісі;
2) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
3) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (бұдан әрі - абоненттік құрылғысы).
Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.
"Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.
2-тарау. "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі"
1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтініш беру негізінде "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері сәйкестендірілгеннен кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
қалалық басқармада, жұмыспен қамту бөлімінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқармалардың және жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 4 бұйрық) бекітілген тәртіпте "Электрондық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесінде (бұдан әрі – "Электрондық жолданымдар" АТЖ) тіркеуге жатады.
Шағымды тіркеу ӘРПК 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.
"Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркегеннен кейін әрбір шығым бойынша арыз иесіне күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, № 4 бұйрықпен бекітілген нысанда талон беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте жұмыспен қамту бөлімі және Мемлекеттік корпорация, егер шағым үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
2-параграф. "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Проактивті қызмет арқылы ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.
Келісім түскен күннен бастап қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
3-параграф. Веб-портал арқылы "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарға қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Өтінішті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы берген кезде:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысына арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
3-тарау. Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну тәртібі
1-параграф. Ымдау тілі маманының қызметтерін портал арқылы ұсыну
АОЖБ деректері жылына алпыс сағат есебінен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтердің көлемін қамтиды.
Ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерінің көлемін "Е-Собес" ААЖ-дан қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің мамандары порталға ағымдағы жылдың соңына дейін немесе мүгедектік кезеңі аяқталғанға дейін "Іс-шараларды жоспарлау" модулінің деректерін ескере отырып жібереді.
өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) алып тастауға өтініш берілді;
маманның (мамандардың) жүктемесі салдарынан қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
қызмет алушының тұрғылықты жерінде көрсетілмейді;
бұрын алушыға куәлардың жазбаша айғақтарымен расталатын маманның (мамандардың) атына негізсіз қорлау және адами қадір-қасиетін қорлайтын айыптар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылған;
форс-мажорлық жағдайларға байланысты қызмет көрсетудің мүмкін еместігі (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).
Ымдау тілі маманының қызметін алатын мүгедектігі бар адамды қайта куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші АОЖБ-ны қайта куәландыру (қайта куәландыру) – жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.
"Е-Собес" ААЖ АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
Алушы мынадай:
өнім беруші қызмет көрсетуге уақтылы кіріскен жоқ;
өнім беруші қызмет көрсету мерзімі мен уақытын жүйелі түрде бұзады;
өнім беруші тиісті емес сападағы қызметтерді көрсетті және өнім беруші кемшіліктерді белгілеген мерзімде жоймады;
өнім беруші тарапынан менің тарапыма адамның қадір-қасиетін қорлайтын бірнеше рет негізсіз қорлау және айыптау;
басқа тұрғылықты жерге көшу сияқты бас тарту себептерін көрсете отырып, өзі таңдаған өнім берушіден ымдау тілі маманының қызметтерін одан әрі көрсетуден бас тартады.
Өнім беруші мынадай:
форсмажорлық мән-жайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебі бойынша қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
куәгерлердің жазбаша айғақтарымен расталатын, қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан адамның қадір-қасиетін қорлайтын негізсіз қорлаулар мен айыптаулар;
қызметтер көрсетуге негіз болған нормативтік құқықтық актінің күшін жою сияқты бас тарту себептерін көрсете отырып, ымдау тілі маманының қызметтерін одан әрі ұсынудан бас тартады.
2-параграф. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну тәртібі
3-параграф. Ымдау тілі маманының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі
Ымдау тілі маманының жылына алпыс сағаттан артық қызметтер көрсетуге жұмсаған уақытын мүгедектігі бар адам өз қаражаты есебінен төлейді.
Өнім берушіге ақы төлеу мүгедектігі бар адам өнім берушінің тапсырысты қабылдағаны туралы хабарламасын алған күннен бастап нақты көрсетілген уақыт үшін жүзеге асырылады.
Өнім беруші мүгедектігі бар адам қайтыс болған жағдайда төлем құжаттарын қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде мүгедектігі бар адамның қолын қоймай ұсынады.
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер
1) керең-мылқаулық;
2) есту протезін қолдануға жарамсыз толық кереңдік;
3) есту протезін қолдануға жарамсыз ІV дәрежедегі құлақ мүкістігі;
4) қимылдық афазия;
5) көмекейдің болмауы медициналық көрсетілімдер болып табылады.
1) бактерия тарататын туберкулез (БК+);
2) жұқпалы тері және шаш аурулары;
3) жыныс аурулары;
4) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|
|
Нысан |
|
|
Жергілікті атқарушы |
Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға өтініш
Тегі ______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
Туған күні: ________________________________________________________
Мүгедектік _______________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ____________________________
Құжат нөмірі: _______________________ кім берген: ____________________
Берілген күні: "____" _____________ ______ жылы
Жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:
Облыс ____________________________________________________________
қала (аудан) ______________________ ауыл: ___________________________
көше (шағын аудан) ______________________ -үй ________ -пәтер ________
Телефон ___________________________
Ымдау тілі маманының қызметін (керегінің астын сызу, жазу) ұсыну үшін:
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
(керегінің астын сызу)
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
№ |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтар саны |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамды абитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20____ жылғы "____"___________
__________________________________________________________________
(Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
__________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
және қолы)
20____ жылғы "____" ___________.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
кесу сызығы
Азаматтың өтініші__________________________________ қабылданды.
Өтінішті қабылдау күні 20___жылғы "____"
_________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
және қолы)
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||
|
"Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері); 3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік абоненттік құрылғысы) – проактивті қызмет; 4) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал). |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап бес жұмыс күні. веб-портал арқылы жүгінген кезде - бес жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі. Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады; 2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. 3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде: 1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, Мемлекеттік корпорация уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену; 2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған: 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; 2. Мемлекеттік корпорацияның – www.gov.kz. Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. |
|
|
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,
__________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) / республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)
Сіздің "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды, атап айтқанда: жоқ құжаттардың/қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ________________________;
2) ________________________;
3) ________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
__________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету)/ республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты,әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Алдым:
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
20___ жылғы "___" ___________
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|
|
Нысан |
Хабарлама
Тегі ______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
Құжаттың нөмірі: _______________________ кім берген: ________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:
Облыс ___________________________________________________________
Қала (аудан) ________________ ауыл: ________________________________
Көше (шағын аудан) ________________ -үй _____________ -пәтер ________
Мыналарды:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабардар етеміз.
Өтініш қабылданды және "Е-Собес" ААЖ кезегінің электрондық журналында 20__ жылғы "__" _____ № _ нөмірімен тіркелді.
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдау мүмкіндігі туралы (aleumet.egov.kz) мобильді азаматтар базасында тіркелген Сіздің абоненттік нөміріңізге смс-хабарлама жіберілетін болады.
Мемлекеттік органның басшысы ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің (бар болса)
20___ жылғы "___" ____________
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|
|
Нысан |
Ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету парағы
_________________________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефоны мекен-жайы
бойынша тұратын __________ 20___ жылғы____________ айы үшін
|
№ |
Күні |
Сағат саны |
Көрсету тәсілі (онлайн / офлайн) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
________________________________________________________________
Ымдау тілі маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы /ЭЦҚ
________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы/ЭЦҚ (қайтыс болған жағдайда талап етілмейді)
20___ жылғы "__"
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
орынбасары - |
Күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі:
1) "Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 10370 болып тіркелген);
2) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 982 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 14557 болып тіркелген);
3) "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 15320 болып тіркелген);
4) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 271 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 18733 болып тіркелген);
5) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 19952 болып тіркелген);
6) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 31 мамырдағы № 205 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 20799 болып тіркелген);
7) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 22299 болып тіркелген);
8) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 458 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 25681 болып тіркелген);
9) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 77 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 26944 болып тіркелген);
10) "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 404 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 30015 болып тіркелген);
11) "Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына және "Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 481 бұйрығы 1 тармағының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 30908 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК