Мәртөк ауданы бойынша 2023 жылдың IV тоқсанына
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама
2023 жылдың IV тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 135 (134 – жеке тұлға, 1 – заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 44 (43 – жеке тұлға, 1 – заңды тұлға), көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын, www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) – 91 (91 – жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2023 жылдың IV тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлығы 26(26 – электронды түрде, 0 – қағаз түрінде), заңды себептер негізінде 26 тартулар орын алды.
Соның ішінде атап айтар болсақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2023 жылдың «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қараша айында 2 бас тарту, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қараша айында -1, желтоқсан айында -1 бас тарту, «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қараша айында -6, желтоқсан айларында -1 бас тарту, «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» желтоқсан айларында -1 бас тарту, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» қазан қазан айында 2, қараша айында -3, желтоқсан айларында -3 бас тарту орын алды.
Аудандық «ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, қызмет алушылардың 5 жыл бойы тұрғын үй тіркелгені, өтініш бере тұра өздерінің жеке тұрғын-үйлері бар екендігі анықталу және санатқа сәйкес келмейтіндігі, қазан айында 2, қараша айында 3 желтоқсан айында 1 бас тарту орын алды.
2023 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 17 баннер орналастырылған.
2023 жыл басынан аудандық «Мәртөк тынысы» қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша барлығы – 5 мақала жарық көрді.
Оның ішінде 2023 жылдың IV тоқсаны бойынша, 2023 жылғы 14 қазан күні аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 41 санында Байнасай ауылдық округі әкімдігінің «Мемлекеттік қызмет көрсету», 18 қарашадағы № 46 санында Байторасай ауылдық округі әкімдігінің «Мемлекеттік қызмет көрсету», 25 қарашадағы № 47 санында Қызылжар ауылдық округі әкімдігінің «Мемлекеттік қызмет көрсету – Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші», 9 желтоқсандағы № 49 санында Құрмансай ауылдық округі әкімдігінің «Мемлекеттік қазмет көрсетудің сапасы» және 9 желтоқсандағы № 49 санында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің «Мемлекеттік қызмет» атты мақалалары жарық көрді.
2023 жылдың 30 қарашаның күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлжанның төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Е.Жонысов "Мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағыты бойынша ақпарат туралы (9 айы бойынша") және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы З.Е.Алманиязова «2023 жылдың 9 айдың қорытындысына сәйкес, аудандық жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы» баяндамалар оқылып, бір қатар мәселелер талқыланды.
2023 жылғы 13 қараша күні облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және мониторингілеу бөлімінің ұйымдастыруымен, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Асыловтың төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 2023 жылғы 10 айдың қорытындысы туралы жиналыс өткізілді.
Ағымдағы жылғы 06-08 желтоқсан күндері мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің маманы М. Жонысов Мәртөк ауданы әкімінің аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тексеру жұмыстарын жүргізіп, тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаулар мен ұсынымдар берілді.
Ағымдағы жылғы 11 желтоқсан күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі аппарат басшысының м.а. Р.Мустафинаның төрағалығымен ағымдағы жылдың 10 айында ішкі бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдау, кемшіліктерді жою бойынша мәселелер талқыланды.
Ағымдағы жылғы 14 желтоқсан күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлжанның төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің № 55 бұзушылықты жою бойынша жиналыс өткізіліп, жауапты мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді (хаттама 3-МҚ, 14.12.2023 ж.).
2023 жылғы 14 шілдедегі «Мәртөк ауданының Срыжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша бақылау іс-шаралар нәтиже туралы АКТ-ке сәйкес ағымдағы жылдың 1 және 2 тоқсандық есептеріне келесі өзгерісер енгізілді:
«Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» қызметі бойынша 1-тоқсанда есеп бойынша 3 қызмет деп көрсетілді, нақты - 0 қызмет көрсетілді, 2 – тоқсанында есеп бойынша – 2 қызмет деп көрсетілсе, нақты 5 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.