Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы

Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданыныңҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормалары бекітілсін.
  2. «Мәртөк аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
06 декабря 2023