Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округінің әкімін сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Қаратоғай ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

1)Қаратоғай сайлау округі - Қаратоғай сайлау округінің аумағының шекарасында.

 

  1. Сайлау округінің шекаралары, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Дата публикации
01 ноября 2023