«Ақтөбе облысының білім басқармасы
Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1 тарау. Жалпы ережелер
3.Білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Егер «Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
14.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында мектепке дейiнгі, негізгі орта, жалпы орта, қосымша бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін тиімді іске асыру болып табылады.
1)Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармақшасына сәйкес білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асыру;
2)Аудан азматтарына мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуға конституциялық кепiлдiк беру.
3)Ауданнық бiлiм жүйесiнiң барлық буындарында бiртұтас мемлекеттiк саясатты ұлттық – аймақтық, демографиялық және басқа ерекшелiктерiн ескере отырып жүргiзу, аудан көлемiнде үздiксiз бiлiм берудi қамтамасыз ету.
4)Ауданның бiлiм жүйесiн қоғамның қажеттiлiктерiне сәйкес және жаңа әлеуметтiк – экономикалық жағдайларға байланысты дамыту және әлеуметтiк тұрғыда қорғау.
5)Тұрғындардың бiлiм беру сұраныстарын қанағаттандыру үшiн жағдай туғызу мақсатында жергiлiктi өзiн - өзi басқару ұйымдарға көмек көрсету.
6)Ауданның бiлiм беру мекемелерiне халықты мiндеттi орта бiлiм берумен қамтамасыз етуiне басшылық жасау.
7)Жалпы орта бiлiм беру мазмұнының аумақтық құрамдас бөлiгiн әзiрлеу.
8)Негiзгi басқыштағы мектеп бiтiрушiлердi орта бiлiм алу желiсiне байланысты облыс пен ауданның жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарына қажеттiлiгiн ескере отырып бөлу.
9)Жергiлiктiк билiк және басқару органдарына мектеп бiтiрушiлердi еңбекке орналастыру жөнiнде жәрдемдесу.
10)Мектеп оқушылары мен бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау.
11)Ауылдық жердегi балаларды мектепке тегiн апаруды ұйымдастыру, тамақтандыру және оқушыларды медициналық қамту, жалпыға бiрдей бiлiм беру қорының есебiнен аз қамтылған жанұя балаларына материалдық көмек көрсету.
12)Кәмелетке толмаған, ата – анасыз қалған балаларды қамқорлыққа алуды ұйымдастыру.
13)Ауданның бiлiм мекемелерiн мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарымен қамтамасыз ету.
14)Ауданның педагогикалық кадрларымен жүргiзiлетiн әдiстемелiк жұмыстардың жүйесiн дамыту, ғылым жетiстiктерiмен өзара iс – қимыл бiрiктiру,жаңа педагогикалық технологияны игеру, бiлiм бөлiмi қызметкерiлерiнiң аттестациялау жүйесiн жетiлдiру.
15)Бiлiм мекемелерiнiң материалдық - техникалық базасын нығайту, қаржыландыруды жақсарту, бiлiм беру мекемелерiн қаржыландырудың бюджеттен тыс тәсiлдерiн дамыту.
16)Бiлiм берудегi жаңашылдандыру процесiн кеңейту, соның iшiнде бiлiм беру мекемелерiн дарын басқарудағы жаңашылдықты дамыту, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру.
17)Бiлiм органдарының өзге мемлекеттiк басқару ұйымдарымен, өзге де ұйымдарын, көпшiлiк ақпарат құралдарымен бiрлескен қызмет аясын кеңейту.
18)Балаларды ана тiлiнде тәрбиелеу мен оқытуға жағдай туғызу, шет тiлдерi оқытуды дамытуға жәрдем ету, ұлттық салт дәстүр мен мәдениеттi оқып – үйренуге жағдай жасау.
19)Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты өз қызметін Қазақстан Республикасының «Тұтынушыларды құқықтарын қорғау туралы» Заңының 6-бабы шеңберінде жүзеге асырады.
1)Негiзгi заңдар жиынтығы мен осы қағиданың нормасына сәйкес, заңға қайшылықсыз келелi iс – қимылдары iске асыруда шешiм қабылдауға.
2)Ақтөбе облыстық білім басқармасының, Бiлiм және Ғылым Министрлiгiнiң бұйрықтары мен өзге де нормаға сәйкес iс – қағаздарға байланысты бұйрық, нұсқаулар шығаруға.
3)Ақтөбе облысы білім басқармасына аудан көлемiндегi Қазақстан Республикасының заңына қайшы келетiн, бiлiм мәселелерiне байланысты мемлекеттiк басқарудағы жергiлiктi органдардың нормативтiк iс – қағаздарының шешiмiн өзгертуге, тоқтата тұруға ұсыныс түсiруге.
4)Бiлiм және Ғылым Министрлігінің кәсiпорындарына ведомстволық қарасты мекемелердiң басшыларының бұйрығын, шешiмiн, нұсқауларын бұзуға, тоқтатуға.
5)Аудан көлемiндегi бiлiм құзырында бiлiм мекемелерiнiң қызметiне байланысты жиындар өткiзуге.
6)Басқарма бөлiмдерiне, ауданның өндiрiстiк бiрлестiктерiмен, бөлiмнiң өз қызметiн атқаруға қажет статистикалық, жоспарлы есептер алып отыруға.
7)Бөлiм жанынан саланың әлеуметтiк дамуына әсерететiн бiлiмдiлiк, ғылыми – методикалық, спорттық және өндiрiстiк бiрлектiстер, шаруашылық – есептік орталықтар, фирмалар және өзге де ұйымдар мен мекемелер ашуға құрылтайшы болуға.
8)Конференциялар, семинарлар, жарыстар, көрмелер өткiзуге, бiлiм бағдарламаларын даярлауға, жақын және алыс шетелдердiң бiлiм бөлiмдерiмен тiкелей қарым –қатынас орнатуға және келiссөздер жүргiзуге.
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
6) облыстың білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
7) облыстың білім басқармалары арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;
8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
15) орындаушылар конкурстары мен балаларға арналған кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық, қалалық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) аудандық ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) ауданның әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауданның білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады;
19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
24) аудандарда орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
25) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
26) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
27) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
28) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
29) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
30) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда орналасқан ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
31) ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
32) облыстардың білім басқармаларына ауданның, білім бөлімінің құрылымын келісуге енгізеді және бекітеді;
33) ауданның тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып-жиынтықтарының санын келіседі;
34) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
35)Ауданның бiлiм жүйесiнде ұйымдастыру - анықтамалық қамтуды ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйесi құрады және дамытады, редакциялық – баспасөз шығармашылығын iске асырады.
36) бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
38) өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
39) порталға хабарландыру беру, жеңімпаздармен шартқа отыру, жеткізушілердің тауарларын қабылдау және шаруашылықты жүргізу жоспарын әзірлеу мемлекеттік сатып алуларын жүзеге асырады;
40) қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3 тарау .Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
18.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.
19.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын- Облыстық білім беруді басқару органдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20.Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1)Бөлiмге жүктелiнген мiндеттердi орындау үшiн жауап бередi, бөлiмге әр-түрлi құрылымдары мен оған бағынышты мекемелер мен өндiрiс орындарына басшылық жасайды.
2)Аудандық бiлiм беру жүйесiне бағынышты барлық мекемелер мен ведомстволық бөлiмшелерге мiндеттi орындау үшiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер шығарады. Бөлiмге бағынышты ведомстволық ұйымдар мен құрылымдық бөлiмшелер жөнiнде нұсқауды бекiтедi, бiлiм бөлiмiнiң мiндеттерiн,iшкi тәртiп ережелерiн бекiтедi.
3)Бөлiмге қарасты құрылымның штаттық кестесi мен құрылымын бекiтедi және өзгерiс енгiзедi, бөлiм қызметкерiлерiнiң жалақысын және үстеме ақысын белгiлейдi, оларға заңға сәйкес сыйлық берудi iске асырады.
4)Несиенi бөлуге басшылық жасайды, шығыс сметасына қол қояды, қаржы документтерiне қол қояды.
5)Бөлiм номенклатурасына жататын мамандар мен басшыларды, меңгерушiлердi тағайындайды және босатады, аудандық бiлiм мекемелерiнiң басшылығына кандидаттарды аудан әкiмiмен келiседi.
6)Бөлiмнiң және оған бағынышты мекемелердiң алдыңғы қатарлы қызметкерлерiн марапаттайды, құрметтеуге ұсынады.
7)Еңбек тәртiбiн бұзған бөлiм және номенклатурадағы қызметкерлерге жаза қолданады, өзге де шара қолдана алады.
8)Ауданның бiлiм саласының жағдайы мен дамуына байланысты мәселелердi шешу үшiн белгiленген тәртiпте кеңестер, жиналыстар, отырыстар, активтер өзгеде шаралар өткiзедi.
9)Ауданның басқа ведомостволарымен келiсе отырып қаулы, қарарларды, бiлiм шеңберiндегi мүдделi жақтармен соның iшiнде шетелдiк әрiптестер мен iскерлiк қатынас жөнiнде шешiм қабылдайды.
10)Сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
11) білім бөлімінің бұйрықтарына қол қояды;
12) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білім бөлімінің мүддесін білдіреді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда аудандық білім бөлімінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
13) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
14) білім бөлімінің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
15) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
16) білім бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалған бөлім басшысы басқарады.
22.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында құрамында бөлiм бастығы /төраға/, бөлiм қызметкерлерi және мүдделi ведомоства қызметкерлерi бар кеңес құрылады.
23.Кеңес құрамы аудан әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi.Кеңес дағдылы түрде өткiзiлетiн өз жиынында бiлiм ауқымында бiртұтас мемлекеттiк саясаттық жүргiзу мен iске асырудың мәселелерiн қарайды. Кеңестiң шешiмi бөлiм бастығының бұйрығымен iске асырылады.
24.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы осы ережеде қойылған басқару функциялары мен мiндеттердi шешудi iске асыру мүддесiн көздейдi. «Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында заңды тұлға болып есептелiнбейтiн осы ережеге сәйкес Ақтөбе облыстық облыстық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық әдiстемелiк кабинет құрылады.
4 тарау.Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
25.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5 тарау.Мемлекеттік мекеменің мүлкі
26.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін
28.«Ақтөбе облысы білім басқармасының Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақтөбе облысының коммуналдық меншікке жатады.
6 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату