"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е
- Жалпы ережелер
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) –мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлімнің атауы:
Мемлекеттік тілде: "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілде: Государственное учреждение "Мартукский районный отдел культуры, физической культуры и спорта".
4."Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, жеке баланста мүлкі бар заңды тұлға болып табылады.
- Мәртөк ауданының әкімдігі мемлекет атынан Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің штаттық саны лимитін Мәртөк ауданының әкімдігі бекітеді.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030600, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селолық округі, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 ғимараты, электрондық мекен-жайы:m.t_martuk@mail.ru .
- Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.
- Міндеттері:
- Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
- Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қызметін үйлестіру;
- Мәдениет, дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту;
- Халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту;
- Мәдениет, дене шынықтыру және спортты насихаттау.
- Функциялары:
- Мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
- Ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
- Жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
- Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
- Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
- Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық бағдарламалар мен жоспарларын дайындайды және жүзеге асырады;
- Спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде жарыстар өткізеді;
- Спорттың түрлері бойынша ауданның жастар, ардагерлер, мектеп оқушыларының құрама командаларын дайындауды және олардың облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
- Аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытады;
- Аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді және бақылау жасайды;
- Аудан аумағындағы спорттық шаралардың өткізілуін және ұйымдастыру қызметін үйлестіреді;
- Аудан бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мәліметтерді талдайды және атқарушы органға табыс етеді;
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт жанындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттауды жүзеге асырады;
- Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық 15 – 20 күндік даярлық спорттық курстарын ұйымдастырады және өткізеді;
- Спортшылар мен жаттықтырушыларға, судьяларға заңнамаға сәйкес, разрядтар мен категориялар береді;
- Спорт шеберіне кандидаттыққа, спорт шеберіне, халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне және заңнамамен белгіленген тәртіпте бірінші спорттық разрядтардың берілуіне құжаттарды дайындау;
- Заңдарда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға, кассалық операциялар жүргізуге;
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде мекеменің толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (символы) болады;
- Өзінің мүлкіне иелік етеді, сондай - ақ өзінің балансы немесе сметасы болады;
- Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденуге және жүзеге асыруға;
- Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралдарды пайдалануға;
- Сотта талап қоюға және талапкер болуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
- Белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
- Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға;
- Дене шынықтыру және спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға;
- Өзінің біртұтас жүйесіне енетін аудандық, селолық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын (бұдан әрі – кәсіпорын) балалар - жасөспірімдер спорт мектебі, мәдениет мекемелерін және барлық спорттық ұйымдарды басқару.
"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорындарды және мекемелерді бақылау мақсатында:
- Кәсіпорындардың және мекемелердің қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
- Кәсіпорындардың, мекемелердің даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
- Кәсіпорындар, мекемелердің мүліктерінің сақталуына және даму жоспарларының орындалысына талдауды және бақылауды жүргізеді;
- Кәсіпорындарды, мекемелерді басқаруды жүзеге асырады;
- Басшыны тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аттестаттаудан өткізеді;
- Кәсіпорындардың, мекемелердің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
- Кәсіпорындардың, мекемелердің таза табысының бір бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;
- Жыл сайын кәсіпорындардың, мекемелердің еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;
- Кәсіпорындар, мекемелер басшыларының, оның лауазымдық жалақысының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілгендей оның құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешеді және тексеру жұмыстарын жүргізеді.
- Құқықтары:
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз міндеттері бойынша жауаптылығы азаматтық заңдармен реттеледі.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалатын азаматтық құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуі тиіс.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, есебі мен есептілігі
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында негізгі және айналымдағы қаражатынан тұратын, мемлекеттік мекеменің балансын қамтитын оқшауланған мүлкі болады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі аудандық коммуналдық меншікке жатады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнама актісінде өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес. Оған заңнамада көрсетілгендей шекте мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілгендей бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептер жүргізеді.
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ бөлім мүлкінің мөлшері мен құрылымы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, мекеменің қызметінде азаматтардың тегін еңбегін пайдалану туралы деректер коммерциялық құпия болып табылмайды.
- 4. "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
1.Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің " Мәртөк аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
3.Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.
4.Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін ұйымдастыру
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымына бөлім басшысы және бөлімнің өзге де қызметкерлері кіреді.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, аудан әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы:
1) "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген қызметтердің орындалысына жауап береді;
2) "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын жасақтайды және оны әкімдіктің бекітуіне ұсынады;
3) "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттігін анықтайды;
4) Аудан әкімі аппаратының "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша қызметтерін үйлестіреді;
5) Заңнамада көрсетілгендей "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік шара қолданады;
6) "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы жөніндегі Ережені бекітеді;
7) Өзінің құзыреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
- "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басшысы м.а. Аяшов Ы.А.