Мәртөк ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «__»_________
№_____ қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ереже
- «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Мемлекеттік мекемеде мынадай ведомство бар:
1) «Мәртөк ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» (бұдан әрі Орталық).
- Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жұзеге асырады.
- Мемлекетті мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Рсепубликасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
- Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарын қабылдайды.
- Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.
- Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: индексі: 030600, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі, 38.
- Мемлекеттік органның толық атауы:
Қазақ тілінде: «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Мартукский районный отдел занятости и социальных программ».
- Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Мәртөк ауданының әкімдігі болып табылады.
- Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
- Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
- Мемлекеттік мекеменің миссиясы – аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясатын жүзеге асыру.
- Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
- Азаматтардың жұмыспен және тиімді әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылуын қамтамасыз ету;
- Кедейлік денгейін төмендету;
- Халықтың аз қамтылған топтарына атаулы көмекті және нәтижелілік әлеуметі көмекті нығайту;
- Өмірдің қиын жағдайындағы адамдарға әлеуметтік қызметтердің қолжетерлігін қамтамасыз ету;
- Кедейшілік жөнінде мониторинг өткізу.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады:
Халықты әлеуметтік қорғау саласында:
- Халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халықтың өмір сүру деңгейі бойынша талдамалық жұмысты жүргізу;
- Жаңа форматтағы нысаналы әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау және төлеу, жергілікті және республикалық бюджеттен төленетін бір жолғы, ай сайынғы және басқа да әлеуметтік көмектерін төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, тыл ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, мұгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуін ұйымдастыру және есепке алу.
Халықты жұмыспен қамту саласында:
- Жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлау;
- мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
- Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;
- Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру;
- Жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;
- Жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру.
Әлеуметтік әріптестік саласында:
- Еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары /кәсіподақтар/ арасындағы әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру.
Мүгедектермен жұмыс ұйымдастыру саласында:
- Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектерге жеке көмекшілер және ымдау тілі маманы, техникалық көмекші (орынын толтырушы) құрылғылар, арнаулы қозғалып жүру заттары, санаторлы - курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсыну мен құжаттар қабылдау;
- Жалғыз басты қарттарға, жұмысқа жарамсыз азаматтарға арнаулы әлеуемттік қызметпен қамтамасыз ету және ведомстволық статистикалық есептерді дайындау.
- Мемлекеттiк мекеменiң құқықтары мен мiндеттерi заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде реттелетiн негiзгi мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құқықтар мен мiндеттердi белгiлейдi.
- Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
- Мемлекеттік мекемені басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты бірінші басшысы жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы лауазымға тағайындалады және аудан әкімі қызметінен босатылады.
- Мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
- мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қоюға құқығы бар;
- мемлекеттік мекемеге қатысты өз қүзіреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
- мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
- ұйымның жұмысын тұтас басқарады және бөлімге жүктелген міндеттер мен қызмет аясының орындалуына жауап береді;
- бөлім мамандары арасындағы қызметтік міндеттерін бөліп береді, бұйрықтар шығарады және бөлімінің қызметкерлері үшін орындалуыміндетті нұсқаулар береді;
- Орталықтың құрылтайшысына («Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ) Орталықтың директорын лауазымына тағайындау және қызметінен босату туралы келісім береді;
- заңнамада белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалау қолданады;
- Қаржыландырудың барлық тұрлері жөніндегі кредиттің басқарушы-реттеушісі болып табылады, белгіленген сандық мөлшерде бөлімнің штаттық кестесін және еңбек қорын бекітеді;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауап береді;
- Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме басшысы жұмыста болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме башысы өкілеттігін Қазақстан Республикаының қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
- Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
- Мемлекеттік мекеменің мұлкі
- Мемлекеттік мекемеде жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
- Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекемесі балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
- Мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы) Мәртөк аудандық қаржы бөлімі болып табылады.
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәртөк аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Р.Жабагиева