Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округінің тұрғындары жиналысының ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы

Родников ауылдық округінің тұрғындары жиналысының

 

ХАТТАМАСЫ

 

Родниковка  ауылы                                       №1                                        23 қазан 2023 жыл

 

Өткізілетін орны: Родниковка  ауылы

Өткізілу уақыты: 10:00 (жергілікті уақыт)

Қатынасқандар: Родниковка ауылының тұрғындары – 64 адам тізім бойынша.

 

Жиналыс төрайымы: Кузембаев Б. Д.

Жиналыс хатшысы: Ибраева Г. Б.

Жиынға қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, қоғамдық кеңес өкілдері, ауыл тұрғындары. Барлық қатысқан адам саны – 64.

 Жиналыстың күн тәртібі:

«Родниковка» ауылының атауын «Бұлақты» ауылына, «Родников ауылдық округі» атауын «Бұлақты ауылдық округі» атауына өзгерту.

 

Хабарламашы: - Родников ауылдық округінің әкімі Р. Абилов:

Ең бірінші жиынды бастамас бұрын жиынның төрағасымен, хатшысын және есеп комиссиясын сайлап алуды ұсынды.

         Төрағасы болып: Б. Д. Кузембаев, хатшысы Г. Б. Ибраева, есептік комиссиясының мүшелері болып К. Т. Кулекенова, К. М. Есенжолова, А.Б Өмірзақов сайланды.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шудабаев К. М.:

           Құрметті ауыл тұрғындары! Бүгінгі жиынның күн тәртібіндегі сұрақ – бастамашыл тобының сұрауы бойынша «Родниковка» ауылының атауын «Бұлақты» ауылы деп «Родников ауылдық округі» атауын «Бұлақты ауылдық округі» атауына  өзгерту.

         14 қыркүйек күні, аудан әкіміне бастамашыл тобының «Родниковка» ауылының,  «Родников ауылдық округі» атауларын өзгерту туралы өтініші түсті. Сол өтінішті қарау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесуге келдік. Өздеріңізге белгілі заң бойынша аудан әкімдігі тарапынан 1 ай бұрын аудандық «Мәртөк тынысы» газетіне қоғамдық тыңдалым өтетіндігі туралы хабарлама берілді. Сол хабарламада кездесу күнін 23 қазан, сағаты – 10.00 деп белгіленген болатын. Әрі қарай сөз кезегін бастамашыл топ басшысы Б. Кузембаевқа беремін.

 

Сөз сөйлегендер:

  1. Кузембев Балғазы – бастамашыл топ басшысы: Саламатсыздар ма құрметті ауыл тұрғындары! 14 қыркүйек күні біз ауыл белсенділері болып Родниковка ауылының атауын өзгерту бойынша белсенділер тобын құрып, аудан әкіміне 30 ауыл тұрғындары болып қол жинап өтініш берген болатынбыз. Өтініш берген мақсатымыз Қазақстан егемендік алғаннан кейін Қазақстандағы  қала, ауыл,елді-мекендер бұрыңғы тарихи атауларына көше бастады, соған байланысты Родниковка ауылының жергілікті тұрғындары «Родниковка» атауын «Бұлақты» ауылы деп атауға ұйғарым жасадық. Осыған сәйкес, Құрметті ауылдастар сіздердің қолдауларыңызды сұраймын.
  2. Клименко Тимофей – ауыл тұрғыны, зейнеткер – Здравствуйте односельчане! Я живу в Родниковке много лет, сейчас мне почти семьдесят. С самого начала наш поселок назывался Родниковка – это наша история. Чтобы наши потомки помнили историю и не забывали о ней, я против переименования села.
  3. Дауылбаев Елубай – ауыл тұрғыны, зейнеткер – Саламатсыздар ма аулдастар! Менің марқұм атамның айтуы бойынша, бастапқыда Родниковка ауылының жерлері Қарабұлақ деп аталды. Жібек жолынан бері бұл жерлерді біздің ата-бабаларымыз Қарабұлақ деп атаған. Мен елді-мекеннің атауын өзгерту керек деп ойлаймын.
  4. Калиев Танатар – ауыл тұрғыны, зейнеткер – Менің ойымша Родниковка ауылының атауын қазақ тіліне аударғаны дұрыс. Менің атамныңда да айтуы бойынша бұл ауылдың атауы Қарабұлақ болған. Баяғы заманда бұл жерлерде бұлақтар көп болған екен. Ұлтшылыққа салынбай дұрыс шешім қабылдау қажет деп ойлаймын.  
  5. Есеева Анастасия – ауыл тұрғыны – Здравствуйте дорогие жители! Я например против переименования нашего села! Сейчас итак везде все переименовывают, зачем менять историю? Я родилась в Родниковке и хочу жить в Родниковке.
  6. Кайпова Қалдыгуль - ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер – Саламатсыздар ма! Мен Атырауда туып өстім, бұрын Атырау қаласы Гурьев қаласы болып аталғанын білесіздер. Атырау атауына өзгерілгенде қала тұрғындары қарсы болған жоқ. Мен ауылымыздың атауын ауыстыруға келісемін.
  7. Бальцер Людмила - ауыл тұрғыны, зейнеткер – Добрый день! Зачем нужна эта лишняя трата денег? Я против переименования, лучше бы эти деньги потратиь на нужды поселка.
  8. Конусова Актолкын - ауыл тұрғыны, мұғалім – Дорогие односельчане давайте не будем ругаться и спорить. Я призываю вас не относиться к переименованию так отрицательно. Только задумайтесь ведь название нашего поселка так и останется «Родниковка» только по казахски «Бұлақты». Здесь жили наши предки и всегда были дружны между собой и я хочу чтобы и наши потомки также были дружны и сохранили добрососедские отношения.
  9. Шудабаев К.Ш. – аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы - Құрметті жерлестер, екі жақтың да пікірлерін тыңдадық, енді дауыс берейік.

 

 

Бүгінгі жиынның күн тәртібі бойынша:

«Родниковка» ауылының атауын «Бұлақты» ауылына, «Родников ауылдық округі» атауын «Бұлақты ауылдық округі» атауына өзгерту бойынша дауыс бергендер: қолдағандар 45 адам, қарсы болғандар 6 адам, қалыс қалғандар 13.

 

Жиынның шешімі:

 

Аудандық ономастикалық жұмыс тобының және облыстық ономастика комиссиясының кезекті қарауына «Родниковка» ауылының атауын «Бұлақты» ауылына, «Родников ауылдық округі» атауын «Бұлақты ауылдық округі» атауын беру туралы ұсынылсын.

 

 

 

 

 

 Жиынның төрайымы:                                                             Б. Д. Кузембаев

 

  Жиынның хатшысы:                                                              Г.Б. Ибраева   

 

 

Дата публикации
27 октября 2023