Хабарландыру
Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
сайланған әкімдерді тіркеу туралы
Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 24 қыркүйекте өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланғанын және тіркелгенін хабарлайды:
1981 жылы туған Жандос Төлегенұлы Қаржауов Жайсаң ауылдық округінің әкімі болып сайланды, "Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманы, Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Құрмансай ауылдық округінің әкімі болып сайланды Ғазизов Елдос Құрманғалиұлы, 1993 жылы туған, "Мәртөк ауданы әкімінің аппараты" ММ бас инспекторы, Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылында тұрады, "Ақ жол"партиясы ұсынған.
Сарыжар ауылдық округінің әкімі болып Сәрсенбаев Бекболат Өтеуұлы сайланды, 1979 жылы туған, Жайсаң арнайы білім беру ұйымы директорының м.а., Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.