Мәртөк аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14мамырдағы № 265«Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тарау 12-тармақ 9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«9) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ«Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.».