Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 тамыздағы № 404 «Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
3 тарау 5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».