Қазақстан Республикасында ауылдық (селолық) әкімдерді сайлауы кезінде «Мәртөк тынысы» газеті бетінде орын берудің шарты және тәртібі, төлем мөлшері туралы ЕРЕЖЕ

 

 

«МӘРТӨК ТЫНЫСЫ»

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

 

030600, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы.; Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы, Жамбыл көшесі, 83

Тел.: + 7 (71331) 21913, факс:  + 7 (71331) 21913

E-mail: sattygul@rambler.ru

№ 21

18  тамыз   2023 жыл

 

 

 

 

 

 

Мәртөк аудандық сайлау

комиссиясының

төрағасы К. О. Бердиевке

 

Қазақстан Республикасында ауылдық (селолық) әкімдерді сайлауы кезінде «Мәртөк тынысы» газеті бетінде орын берудің шарты және тәртібі, төлем мөлшері туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Сайлауалды үгіт материалдарын қара-ақ түспен орналастырудың құны 1 шаршы сантиметрге – 200 теңге, түрлі-түсті құны 1 ш.см - 250 теңге.
  2. Үміткер ұсынған мәтіндік, фото тағы басқа материалдарға үміткердің хаты қоса жолданып материалдардың әр бетіне өзі қол қояды немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қоюға үміткерден сенімхат алған адам қол қоя алады. Осы шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттен алып тасталынады.
  3. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру редакцияның ұйғарымымен болады.
  4. Газет макетін жасау, материалдарды орналастыру үшін 100 пайыздық алдын ала төлеу немесе 10 күнтізбелік күннің ішінде төлеу белгіленеді.
  5. Сайлауалды үгіт материалы «Сайлау-2023» деген грифпен жарияланады. Бұл гриф жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс. Сайлауалды үгіт материалында қаржыландыру көзі көрсетіледі.
  6. Форс-мажорлық жағдай ҚР қолданыстағы заңдылығымен белгіленген.

Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясының түсіндірмесіне байланысты толықтырулар,  өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 

«Мәртөк тынысы»

ЖШС-нің директоры:                                                Қаракеев С.О.

Дата публикации
25 августа 2023