Мәртөк ауданының Жайсан, Құрмансай, Сарыжар ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 Мәртөк ауданының Жайсан, Құрмансай,

Сарыжар ауылдық округ әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Констиуциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1.Мәртөк ауданының Жайсан, Құрмансай, Сарыжар ауылдық округ әкімдерін сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.

  1. Жайсан, Құрмансай, Сарыжар ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 17 тамыздан басталып, ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 29 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
  2. Жайсан, Құрмансай, Сарыжар ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 3 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
  3. Осы қауылы Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                 К. Бердиев

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                 Г.Утепбергенова

 

 

Дата публикации
16 августа 2023