Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хазрет
ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 19 мауысым Мәртөк ауданының Хазрет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының хаттама негізінде Мәртөк ауданы Хазрет ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 287 азамат енгізілді, олардың 194 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есенжолов Б.М. – 149; Көпберген А. – 8; Кадыров Д.К. – 18.
Есенжолов Бақытбек Мейрамбекұлы, 1991 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру және басқару бөлімінің бас маманы, Қаратоғай ауылдық округінің Қаратоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған. Хазрет ауылдық округінің әкімі болып сайланды
Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 мауысым шешімімен 2022 жылғы 19 мауысым күні сайланған Мәртөк ауданының Хазрет ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы