ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар»  мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша     

 

Мәртөк селосы                                                       «___» _________ 2023 жыл

 

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы
    №12 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бөлім басшысының 2023 жылғы 14 наурыздағы №175-н/қ бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Кауменова Жанна Сергеевна

Мәртөк аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а.топ жетекшісі

Тодосийчук Ольга Николаевна

Мәртөк аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы, топ мүшесі

Борашова Кибат Тугелбаевна

Мәртөк аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы, топ мүшесі

Барлық Данияр Хасенұлы

Мәртөк аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы, топ хатшысы

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 23.05

 

-23.06.2023 жыл аралығында жүргізілді.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2022-2023 жыл аралығындағы кезең қамтылды.
  2. Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Ж.Кауменова топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМ:

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. II. Талданатын объект туралы мәліметтер:

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

         Бекітілген мекеменің Ережелеріне сәйкес бөліммен барлығы 15 функция іске асырылып келеді. 

Мекен-жайы: Мәртөк ауылы, Сейфулин көшесі, Ашық әкімдік ғимараты.

 

III. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім мен орталыққа қатысты  өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Бөлім мен орталықтың қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудың және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

- «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  бұйрығы;

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы;

- «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы;

- «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. бұйрығы;

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

1-ші тәуекел: Бөлімнің әлеуметтік төлемдер мәртөк аудандық аурахананың азаматтарға қосымша тамақтануға берілетін әлеуметтік көмек 2022 жылға 35 азаматқа төленді.

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84  қағидасының 2-қосымшасында туберкулез, онко және АИВ  ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылданатындығы көрсетілгенімен, портал қызметінің дұрыс жасамау салдарынан қабылданбайды.

Аталған әлеуметтік көмектің құжаттарын электронды портал арқылы қызметкер мен азаматтардың тікелей байланыс жасауын шектейді және сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдерін жояды.  

ҰСЫНЫМ: Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері туындамас үшін туберкулез, онко және АИВ  ауруылармен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында аталған порталға өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

 

2-ші тәуекел: Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленуіне сәйкес аудандық соттың шешімдері негізінде және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 119-бабына сәйкес өтініш иелеріне аудан әкімінің қаулысы тағайындалады.

Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау  барысында  өтініш үлгілері, ұсынылатын құжаттар тізімі, қарау мерзімі, қызмет көрсету тәртібі, нормативтік құқықтық актілері белгіленбеген.

Бұл өз кезегінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға (туыстары арасында) қорғаншы немесе қамқоршы болуға ниет білдірушілер санының артуына және өтініш беруші азаматтар арасында наразылықтар туындатуда.

ҰСЫНЫМ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында» қамқоршы және қорғаншы тағайындауды рәсімдеуде қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекітіп, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы өтініште «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 122-бабының 1-бөлігінің  1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақтарында көрсетілген шектеулер бойынша мәліметтер болуды енгізу.

 

3-ші тәуекел: Бөлім арқылы 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бұйрықтың «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген.

Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ.

Бұйрықта тек қайтарып алуды жүргізеді деп аталғанымен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарын айқындау барысында белгілі бір алгоритмнің жоқ болуына байланысты, ешбір нақты зандылықты ұсына алмайды.     

Бұл ретте, бөлім қызметкерлеріне жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығына немесе асырмағандығына қарамастан қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуға мүмкіндік туғызуы мүмкін.          

ҰСЫНЫМ: «Енбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығының 4-тарауына толықтырулар (жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша жұмыс тобын құру, рейд жүргізу, хаттамалау, актілеу, ұсыныс енгізу, ескертпе беру және т.б. шараларды атқару алгоритімін енгізу) енгізіп, аталған тарауға нақты алгоритм енгізу ұсынылады.

 

ІV. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.

Бөлімнің штаттық құрылымы:

Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын

         1 (бір) бөлім басшысы.

         Бөлім басшысымен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын

1 (бір) сектор меңгерушісі,

3(үш) бас маман,

2 (екі) штаттан тыс қызметкерлер,

Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады.

 

Бөліммен жұмысқа қабылданған қызметкерлер:

№

                Аты-жөні

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Субалова Минсулу Хайрулловна

АҚЖ

11.01.2022ж   №7 б

2

Дейнега Светлана Владимировна

АҚЖ

11.01.2022ж   №7 б

3

Культлеуова Любовь             Саид-Ахметовна

АҚЖ

1.03.2022ж     №23 б

4

Соколов Виктор Анатольевич

Көлік жүргізуші

01.11.2022ж    №183б

5

Балмагамбетова Гульмира Талгатовна

Іс-Жүргізуші

10.01.2023ж

№17б

6

Хасенова Айгуль Калиевна

АҚЖ

11.01.2023ж   №21б

7

Борашова Алтыншаш Тугелбаевна

АҚЖ

11.01.2023ж   №21б

 

Дейнега Светлана Владимировна

АҚЖ

11.01.2023ж   №21б

8

Шингалиева Айнур Жаппасовна

АҚЖ

11.01.2023ж   №21б

9

Авраменко Виктория Владимировна

АҚЖ

18.01.2023ж

№27б

10

Космагамбетов Куанышбай Елубаевич

АҚЖ

18.01.2023ж

№27б

11

Субалова Минсулу Хайрулловна

АҚЖ

1.02.2023ж №37б

12

Бооль Владимир Викторович

Көлік жүргізуші

1.02.2023ж  №38б

13

Абылайханов Нурбек Бекболатович

Көлік жүргізуші

15.03.2023ж  №62

14

Иванов Александр Владимирович

Көлік жүргізуші

14.04.2023ж  №82

 

Бөлімдегі тәртіптік шаралар қолданылған қызметкерлер:

№

Аты-жөні

Қызметі

Тәртіптік шарасының болуы туралы мәліметтер

1

Борашева Кибат Тугелбаевна

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

9.02.2022ж

№16

Ескерту

2

Барлық Данияр Хасенұлы

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

22.12.2022ж

№225

Сөгіс

3

Тодосийчук Ольга Николаевна

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

10.02.2023ж №46

Сөгіс

4

Кауменова Жанна Сергеевна

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор менгерішісі

6.06.2023ж

№149

Ескерту

5

Жабагиева Рауза Аманхановна

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

21.02.2023ж

№3

Сөгіс

 

Сыбайлас жеморлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар туралы:

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Мәртөк  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындап төлейтін  қызметкері

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84  қағидасының 2-қосымшасында туберкулез, онко және АИВ ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылданатындығы көрсетілгенімен, портал арқылы қабылданбайды. Сол себепті, бөлімнің әлеуметтік төлемдер қызметкерлері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер жасайтын

қызметкері

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленуіне сәйкес аудандық соттың шешімдері негізінде және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 119-бабына сәйкес өтініш иелеріне аудан әкімінің қаулысы тағайындалады. Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау  барысында  өтініш үлгілері, ұсынылатын құжаттар тізімі, қарау мерзімі, қызмет көрсету тәртібі, нормативтік құқықтық актілері белгіленбеген. Сол себепті қызметкер мен   құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің секторының қызметкері

 

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Бөлім арқылы 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бұйрықтың «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ.

Бұйрықта тек қайтарып алуды жүргізеді деп аталғанымен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарын айқындау барысында белгілі бір алгоритмнің жоқ болуына байланысты, ешбір нақты зандылықты ұсына алмайды.

Сол себепті, бөлімнің қызметкері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің секторының қызметкері

 

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесінде ІІМ бөлімшесі тарапынан бас тарту түрі дұрыс таңдалмаған жағдайда пысықтауға жіберу мүмкіндігі болу үшін жетілдіру қажет деп санаймыз.

Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлім арқылы 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылдың 5 айда  қорытындысымен бөлім арқылы 319 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның мемлекеттік орган арқылы 6, мемлекеттік корпорация 95, электронды үкімет порталы арқылы 198, белгілі себептермен бас тартқаны 20 қызмет. Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 66 пайыз құрап отыр.

2022 жылда  барлығы бөліммен 551 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік орган арқылы 15, мемлекеттік корпорация 177, электронды үкімет порталы арқылы 318, белгілі себептермен бас тартқаны 54 қызмет.

 

VII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

 

VIII. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне, 2022 жылға жалпы 352 293,0
(РБ-88 146,0 мың тг, ОБ-20 611,0 мың тг, ҰҚ-14 483,0 мың тг, ЖБ-229 053,0 мың тг)  мың теңге қаржы бөлінді.

2023 жылдың 5 айында 124 557,0 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді.

 

         X.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. Бөлімде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу қызметі жоқ.

         «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2022 жылы бөліммен тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 57 638,6 мың теңгеге 38 сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шарт бойынша аталған жұмыстар өз мәнінде жүргізілді. 2022 жылы келісім шарт талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері орын алған жоқ.

         Ал, 2023 жылдың 5 айында тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 50 053,0 мың теңгеге 21 сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шартқа сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

XI.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Бөлімде
«Е-Өтініш», «Е-Архив», «Е-Акимат», «Әлеуметтік көмек», «Еңбек нарығы» «Шетелдік жұмыс күші», «Әлеуметтік қызметтер порталы», 0автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

XII.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

        

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

         Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөліміне 2022 жылы барлығы – 16 өтініш тіркелді. Оның ішінде, заңды тұлғалардан – 9, жеке тұлғалардан – 7 өтініш-шағымдар және сұрау салулар мен ұсыныстар түскен. Бақылауға алынған өтініштер ішінен мерзімі кешіктірілгені жоқ.

         2023 жылы барлығы 10 өтініш тіркелді, заңды тұлғалардан 7, жеке тұлғалардан – 3 арыз, өтініш-шағымдар және де сұрау салулар мен ұсыныстар келіп түсті. Бақылауға алынған өтініштер ішінен мерзімі бұзылғандар жоқ.

 

         Халықты жұмыспен қамту

         Өңірде халықтың әл-ауқатын көтеру және жұмыссыздықты азайту – өзекті мәселе болып табылады.

         Жұмыспен қамту деңгейін өсірмеу мақсатында және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп, аудан өткен жылы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес барлығы 2797 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, 2023 жылдың 1 қаңтарына барлығы 3202 адам жұмылдырылды (114%).

         Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында ауданда «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы»  іске асырылып,  оң әсерін тигізуде.                             Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

         Тоқтала кетсек:

- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (тракторист 44 адам, ветеринар-1 адам, азпасшы – 19 адам )   45 адам жіберіліп,  оқуды  аяқтаған  45 адамның  барлығы тұрақты  жұмысқа орналасты (100%) (жоспар-60 адам);

- «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 229 адам оқытылды (жоспар-78 адам);

- Бизнес идеяларын іске асыруға  51 адамға қайтарымсыз  грант берілді (жоспар-95 адам) .

- әлеуметтік жұмыс орындарына 104 адам  жіберілді(жоспар – 110  адам);

- қоғамдық жұмыстарға  941 адам жұмысқа жолданды                                                                                  (жоспар 900 адам);

         Өңірде 114 түлектер үшін Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жоспарланса,  өткен жылы 101 адам жұмысқа жолданды (88,6%).            Бұл көрсеткіш келесідей аудандарда төмен деңгейде орындалды:

         Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетігі - «Ұрпақтар келісім-шарты», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орындары» жобалары болып табылады.  Оның ішінде «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына жоспарланған 8 адамның 5 адамы ғана жұмысқа орналасты.

         Сонымен қатар, 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруда «Күміс жас» жобасымен 14 адам жоспарланып, өткен жылы 10 адам жолданды.

         Өткен жылы облыста  Ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында  529 бірлік  жұмыс орындарын құру жоспарланып, нәтижесінде  529 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды (100%).

         Жыл бойына аудан тарапынан атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,6 %-ды құрады.     

 

Әлеуметтік  төлемдер бойынша:

         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2022 жылда 104 отбасына 547 аз қамтылған азаматқа 37,7 млн. теңге көлемінде тағайындалды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет топтамасы 119 балаға 398 тұрмыстық химия жинақтары және 1059 азық-түлік пакеттері берілді. Барлығы осы мақсаттқа 6,8 мың теңге жұмсалды.

         2023 жылға атаулы әлеуметтік көмекке 25,0 млн. теңге 530 адамға және кепілдірілген әлеуметтік топтамасына 6,8 млн. теңге 300 балаға  жоспарланды.

         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2023 жылдың 5 ай қорытынды бойынша 77 отбасына 404 аз қамтылған азаматқа 15,9 млн. теңге көлемінде тағайындалды. Осы жылдан бастап азық-түлік және гигиеналық пакеттер ақшалай төленеді (бір балаға 1,5 АЕК, немесе 5175 тг). Жыл басынан 1-6 жастағы 126  балаға ақшалай кепілдендірілген әлеуметтік пакет топтамасы 5175 тенгеден 2,1  млн.тенгеге тағайындалды.

         2022 жылда жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша 1627 мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына 89,7 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. 2023 жылға бұл мақсаттарға 97,5 млн.теңге қарастырылды. 5 айда 513 адамға 52,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Анықтама:

Қызмет немесе оңалту түрі

2022 жыл

1 тоқсан 2023 жыл

адам

соммасы

адам

соммасы

9 мамырға арнлған төлемдер

261

18200,0

230

34 720,0

Мүгедектер күніне төлем

1002

50100,0

0

0

коммуналдық төлемдер

276

5158,5

227

3193,5

туб, онко, ВИЧ төлемдер

35

12958,4

31

10 597,8

үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың ата-аңаларына

25

820,8

20

365,7

өмірлік қиын жағдайға

15

1740,0

2

280,0

мүгедектерге жол шығындарын өтеу

15

647,2

3

131,0

Барлығы

1627

89625,0

513

52288,0

 

 

 

 

 

Мүгедектігі бар адамдарды  оңалту бағдарламасы бойынша:

2022 жылда ауданда 1096 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрды, ал 2023 жылдың 5 айында  1013 адам.

- 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 2022 жылда 129 бала, 2023 жылдың 1 тоқсанында 137 бала

- 1 топ - 87 адам 2022 жылда, 1 тоқсанда – 94 адам,

- 2 топ - 468 адам 2022 жылда, 339 адам 1 тоқсанда,

- 3 топ – 412 адам 2022 жылда, 1 тоқсанда – 443 адам.

Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тиесілі әлуметтік қызметтер көрсету Порталымен 456  мүмкіндігі шектеулі адам техникалық оңалту құралдарымен және санаторий-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді, немесе 96,9 % (471 жоспар). Ал, 2023 жылдың 5 айында 149 мүгедектігі бар жандар тиесілі қызметтермен және оңалту құралдармен қамтылды.

Анықтама:

Қызмет немесе оңалту түрі

2022 жыл

5 ай 2023 жыл

санаторий-курорттық сауықтыру қызметі

79

56

кресло-арбалар

24

6

протезді-ортопедиялық көмек

89

27

тифло-сурдо техникалық жабдықтар

27

13

жеке көмекшілерінің қызметтері

49

49

ымдау тілі маманының қызметі

5

5

гигиеналық және оңалтудың техн. құралдары

183

42

Барлығы

456

198

2022 жылдың 1 шілдеден бастап аудан орталығында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылып  70  зейнеткер спорт, йога, шахмат, арт-терапия, вокал, би, ағылшын тілі, қолөнермен айналасты.

2022 жылда мүгедектігі бар балаларға полустационар жағдайында, инватакси қызметтер және үйде күтім көрсету жағдайында "Қамқорлық-Мәртөк" қоғамдық бірлестігі арқылы көрсетілді.

 Сондай-ақ ауылдық округтер бойынша 27 әлеуметтік қызметкер 2022 жылда 147, ал 2023 жылдың 5 айда 187 жалғыз басты зейнеткерге қызмет көрсетеді.

Анықтама:

жартылай стационарға 2022 жылда– 4,5 млн.тг, 2023 жылға - 9,7 млн.тг.

үйде қызмет көрсету қызметіне 2022 ж-11,2 млн.тг, 2023 ж– 3,3 млн.тг.

инватакси қызметіне 2022 ж – 6,0 млн.тг, 2023 ж – 6,3 млн. тг

белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2022 ж 17,0 млн.тг, 2023 ж-20,0 млн тг

 

 

 

Бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша, ҰСЫНЫМДАР

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Ақтөбе  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:

1.1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» қағидасының 2-қосымшасындағы туберкулез, онко және АИВ  ауруылармен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында аталған порталға (www.egov.kz) өзгерістер енгізу;

1.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында» қамқоршы және қорғаншы тағайындауды рәсімдеуде қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекітіп, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы өтініште «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 122-бабының 1-бөлігінің  1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақтарында көрсетілген шектеулер бойынша мәліметтер болуды енгізу;

1.3. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығының 4-тарауына өзгерістер енгізіп, аталған тарауға нақты алгоритм енгізу бойынша ұсыну хатын жолдауды

«Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесінде ІІМ бөлімшесі тарапынан бас тарту түрі дұрыс таңдалмаған жағдайда пысықтауға жіберу мүмкіндігі болу үшін ұсыныс хат жолдау.

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

«Келісілді»

Мәртөк аудандық жұмыспен                                                   Ж.Кауменова
қамту, әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі басшысының м.а.топ жетекшісі                                                  

 

Мәртөк аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар                                        Д.Барлық

бөлімі бас маманы, топ мүшесі

 

 

Мәртөк аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар                                        О.Тодосийчук

бөлімі бас маманы, топ мүшесі

 

Мәртөк аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар                                        К.Борашова

бөлімі бас маманы, топ мүшесі

 

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

 

Бөлім басшысының м.а                                                   Ж.Кауменова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

 

Мәртөк  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі мен Мәртөк ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Мәртөк  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындап төлейтін  қызметкері

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84  қағидасының 2-қосымшасында туберкулез, онко және АИВ ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылданатындығы көрсетілгенімен, портал арқылы қабылданбайды. Сол себепті, бөлімнің әлеуметтік төлемдер қызметкерлері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Мәртөк  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындап төлейтін  қызметкері

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер жасайтын

қызметкері

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленуіне сәйкес аудандық соттың шешімдері негізінде және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 119-бабына сәйкес өтініш иелеріне аудан әкімінің қаулысы тағайындалады. Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау  барысында  өтініш үлгілері, ұсынылатын құжаттар тізімі, қарау мерзімі, қызмет көрсету тәртібі, нормативтік құқықтық актілері белгіленбеген. Сол себепті қызметкер мен   құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер жасайтын

қызметкері

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің секторының қызметкері

 

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Бөлім арқылы 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бұйрықтың «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ.

Бұйрықта тек қайтарып алуды жүргізеді деп аталғанымен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарын айқындау барысында белгілі бір алгоритмнің жоқ болуына байланысты, ешбір нақты зандылықты ұсына алмайды.

Сол себепті, бөлімнің қызметкері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

 

«Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесінде ІІМ бөлімшесі тарапынан бас тарту түрі дұрыс таңдалмаған жағдайда пысықтауға жіберу мүмкіндігі болу үшін жетілдіру қажет деп санаймыз.

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің секторының қызметкері

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
2-қосымша

 

«Бекітемін»


Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

__________  Ғ. Тоғысова

                                                                                                                 «__» ________ 2023 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

(талдау объектісінің атауы)

 

р/с
№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Туберкулез, онко АИВ аурулармен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылдануын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы
25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» қағидасының
2-қосымшасындағы туберкулез, онко және АИВ аурулармен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында аталған порталға өзгерістер енгізу

Ақтөбе  облысының жұмыспен қамтуды  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс хат

1.09.2023 жылға дейін ұсыным беру.

Д. Барлық

2023 жыл

2

Қамқоршы және қорғаншы тағайындауды рәсімдеуде қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында» қамқоршы және қорғаншы тағайындауды рәсімдеуде қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекітіп, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы өтініште «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 122-бабының 1-бөлігінің  1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақтарында көрсетілген шектеулер бойынша мәліметтер болуды енгізу

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс хат

1.09.2023 жылға дейін ұсыным беру.

К.Борашова

2023 жыл

3

Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритм енгізу

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2022 жылғы 15 сәуірдегі

№ 123 бұйрығының

4-тарауына толықтырулар енгізіп, аталған тарауға нақты алгоритм енгізу

 

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс хат

1.09.2023 жылға дейін ұсыным беру.

Ж.Кауменова

2023 жыл

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
3-қосымша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: Мәртөк  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 19.06-23.06.2023ж

      Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні:_23.06.2023 ж.__

 

р/с
№

Ұсыным

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны

Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат

1.

     

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2023