ТАЛДАМАЛЫҚ АҚПАРАТ Мәртөк ауданының кәсіпкерлік бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ  АҚПАРАТ

Мәртөк ауданының кәсіпкерлік бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

22.06.2023 жыл                                                                                           Мәртөк селосы

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Мәртөк ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі- бөлім) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
  2.     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағмдаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Бөлімнің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 15 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

 

Шарипова Айнур Дулатовна                                                      

Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, топ жетекшісі

 

Жанадилова Алтынай Максатовна

Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, топ мүшесі

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 22.05.-22.06.2023 жыл аралығында жүргізілді
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаумен 2022 жыл және 2023 жылдың 20 маусымға аралығындағы кезең қамтылды.

      Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы А. Шарипова топ жетекшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
  • Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімнің ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. IIТалданатын объект туралы мәліметтер:

Мәртөк аудандық кәсіпкерлік мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде  бірыңғай кәсіпкерлік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асырады.

               Бөлімнің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық  актілерге, соңдай-ақ, Бөлімнің Ережесіне сәйкес іске асырады.

                Мекен-жайы: с. Мәртөк Сейфуллин көшесі,36

 

       III. Бөлімнің қызметіне, оның ұйымдастыру- басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

           Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкелік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесті кодексі;

-        Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

  • «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының    

          2015 жылғы 31 қазандағы Заны;

  • Қазақстан Республикасындағы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы;

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

   1.Бөлімнің Ережесіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес,әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тексеру жұмыстары бөлімнің тарапынан ғана жүргізіледі. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.

        ҰСЫНЫМ:

  1. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында жүргізілетін тексеру жұмыстарын жүргізуге үшін Аудан көлемінде тиісті сала мамандары жяне қоғам ұйымдарының қатысуымен арнайы комиссия құру ұсынылады.
  2. Аудан аумағында жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындардың өндірген өнімдері, салған инвестициясы туралы ақпараттарын , жоспарларын жергілікті атқарушы органдардан сұрауы қиындықтар келтіреді. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның
  3. FSM expert онлайн режимінде далалық қызметкерлерді нақты бақылауға арналған географиялық ақпараттық жүйеге салынып жіберу тоқтатылса.

    

  1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 99 қаулысымен бекітілген "Мәртөк ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес Бөлім өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізілді. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мүмкін емес. Бақылау-қадағалау функциялары енгізілген сәттен бастап тексерулер тұтынушылар тарапынан шағымдардың болмауына байланысты жүзеге асырылмады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

        ҰСЫНЫМ:

- Қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер және жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізу практикасын жалғастыру;

- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету.

  1. Талдау барысында бөлімде Мемлекеттік сатып алумен айналысатын маманның арттыру курстарынан өтпегені анықталды, бұл мемлекеттік сатып алу туралы заңның бұзылуына әсер етуі мүмкін.

ҰСЫНЫМ:

Қызметкердің Мемлекеттік сатып алу саласында біліктілігін арттыруға жіберу.

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық туәекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

          Мәртөк ауданының кәсіпкерлік бөлімінің құрылымен, штат санын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.

1(бір)бөлім басшысы.

2(екі) бас маман.

    Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарына, аппарат бағынады.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бөлімде мемлекеттік қызмет  көрсетілмейді.

VII.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Бөлімде рұқсат беру функциалары жоқ.

VIII. Бақылау-тексеру фукцияларын іске асыру.

Бөлім Ережеснің 17-тармағының:

8-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалар мөлшерінің сақталуына мемлекеттек бақылауды жүзеге асырады;

9-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына  мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

       10-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының сауда реттеу туралы заңнамасына белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына  мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 

 

IХ.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөліміне, 2022 жылға 16 565,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жыл соныңда 100% игерілді бағдалама бойынша 469001015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»-16445,0 мың теңге қаржы, 469004416 мемлекеттік органның күрделі шығыстары-120,0 мың теңге қаржы.

Х. Жеке және заңды тұлғаларымен шарттар жасасу. Бөлімде және заңды тұлғаларымен шарттар жасасу қызметі жоқ

 

ХІ. Ақпараттық жүйелерді және пайдалану. Бөлем «Е- «Е-Өтініш», «Е-Архив», «Е-Қызмет» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін пайдаланады.

 

ХІI. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқармалық қызметінен туындайтын өзге де мәселер

Бөлімде атқарылған жұмыстар жөнінде:

        2022 жылы ауданымызда 97 азамат өз кәсіпкерлігін ашып, жалпы шағын және орта кәсіпкелік субъектілерінің саны 2251 жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 104,5 пайызға өсім көрсетті.

        Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2185 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 104,4 пайызға өсім көрсетті.

  Мұндағы, тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі-97,1 пайызды құрайды.

        Ал мұндағы жұмыспен қамтылғандар саны 4043 бірлікті құрап, 98,4 пайызды артқан.

        Сондай-ақ, ауданымыздың бөлшек және көтерме сауда көлемі жыл сайын артып келді. Жыл басынан бері аудандағы бөлшек сауданың көлемі 3,2 миллион теңгеге, көтерме сауда 7,6 миллион теңгеге жетті.

   Өнеркәсіп орындары 9,5 миллион теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 100,1 пайызға артқан. Оның ішінде өнер кәсіпбі бойынша 4,7 миллион теңгенең өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен саластырғанда 100,1 пайызға өсім көрсетті.

       2022 жыл қортындысы бойынша ауданымыздың негізгі капиталына 22,3 млрд.теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда 135,5 пайызға артқан.

 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны , 2023 жылдың 1 қантар жағдайына 2185  бірлік нақты көлем индексі 104,4%.Оның ішінде: ЗТ-158, ЖК-1207, ШҚ-820.

2023 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 2304 бірлікке дейін ұлғайту жоспарланған.

ИНВЕСТИЦИЯ

Қантар-желтоқсан  айлары бойынша 22 млрд. 311,1 мың.тг. құрап отыр немесе өткен жылмен салыстырғанда 135,5 %. 

2023 жылы жалпы сомасы 273,0 млн теңгеге 6 кәсіпкерлік объектісін пайдалануға беру жоспарлануда (ЖК Байжанова. ЖК Мукашев –дүкен, Муканова Б.- мейрамхана, ЖК Узакбаева Ж.- кафе,ЖК Утегенова – тігін цехі).

ӨНЕРКӘСІП

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 9520,5 млн.тг өнеркәсіп өнімі өндірілді нақты көлем индексі 100,1%. 

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 4080,8 млн.тг өнім өндірілді нақты көлем индексі     124,8%.

Өндеу өнеркәсібінің көлемі 2022 жылдың қаңтар- желтоқсан айлары бойынша 4713,7 млн.тг өнім өндірілді нақты көлем индексі 100,1%. 

 

Бөлшек сауда мен көтерме сауда

Жалпы аудан бойынша көтерме сауда көлемі 2022 жылдың қаңтар- желтоқсан бойынша 3192,6 млн.тг нақты көлем индексі 106,4% %.

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылдың қаңтар- желтоқсан айлары бойынша 7587,3 млн.тг нақты көлем индексі 80,8 %

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 50 жоба мақұлданды жалпы соммасы 847,6 млн.тг.:

- 634,4 млн. теңге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 25 жоба;

- 163,7 млн. теңге кепілдік беру 21 жоба;

- 12,5 млн. теңге грант бойынша 3 жоба;

- 37,1 млн. теңге 1 жоба инфрақұрылымды жеткізу.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 2023 жылға 60 жобаны іске асыру жоспарланған.

ТУРИЗМ

Бүгінгі күні Мәртөк ауданында туризм «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жол бойындағы сервис объектілерімен ұсынылған.

Мәртөк ауданы бойынша қазіргі таңда 20 жол бойы қызмет көрсету сервисі жұмыс істеп тұр. Жұмыс жасап тұрған жол бойы қызмет көрсету сервистерінің 4- еуі қонақ үй, дүкендер, монша, автотұрақ, техникалық қызмет, қоғамдық тамақтану орталықтары бар «С» категориясына кіретін кемпингтер. «Д» категориясына кіретін 12 жанар жағар май және газ құю бекеттері бар. Және осы жол бойында 4 кафе орналасқан.

2022 жылы  4 сервис объектілердін іске қосылуы жоспарланған, оңын үшеуі іске қосылды  (ЖК «Кулов» -Тәнірберген а/о жанар жағар май және газ құю бекеті, «Байыр Транс Групп» - Жайсан с/о жанар жағар май құю бекеті, ТОО «GAZENERGY» - газ құю бекеті),  1 объект 2023 жылы аусты    (Танирберген  а/о-  ИП «Калиев К.» кемпинг «Бахтияр»).

2022 жылы жеке кәсіпкер «Аймұратұлы» Мәртөк ауданына 55 тур ұйымдастырды (шамамен 1000 адам). Бұл турлардың мақсаты Ақтөбе облысының тұрғындары мен конақтарын ауданның көрікті жерлерімен таныстыру және экотуризмін дамыту.

Ағымдағы жылы ЖК «Ниязов Ч.» - Родников а/о шағын демалыс базасын (глэмпинг) ашуға қайтарымсыз грант женіп алды, жобаны іске асыру 2023 жылы жоспарлануда.

 

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ

            Апта сайын ауданның елді-мекендеріндегі дүкендердегі негізгі азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі және күн сайын FSMexpert жүйе арқылы сауда объектінің атауы, фотофиксациялаудың уақыты, орналасқан жері көрсетеле отырып мониторинг  жүргізіледі. 

            2022 жылы нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы басқармасына  хат жолданып айына  10 т. 1 (бірінші) сұрыпты ұнымен «Гончарюк» ЖК қамтамасыз етіп нан бағасын 85 тг. аспайтын меморандумға қол қойылды, осы жұмысты әрі қарай осы жылы да жалғастырамыз.

            Азық-түліктің соңғы құнын рұқсат етілген  15%  асырмау мақсатында  меморандумдар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2022 жылы ауданда 38 ауыл шаруашылық  жәрмеңкесі өткізілді, онда 37,1 мың теңгеге өнім сатылды.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Бас маман, топ жетекшісі                                                                А.Шарипова

 

Бас маман, топ мүшесі                                                                     А.Жанадилова

 

 

Қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Бөлім басшысы                                   М.Биктемирова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2023