АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА По результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности Мартукского районного отдела земельных отношений

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімінің  қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

1.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

 

  1. “Мәртөк аудандық жер қатынастар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін аңықтау.
  2. “Аудандық жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Талданатын обьект туралы мәліметтер;

 

    Аудандық жер қатынастары бөлімі ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауданның экономикалық дамыуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны

қорғау жөніндегі басқа да іс шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды

ұйымдастырушы мемлекеттік мекеме болып табылады.

     Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

    Бекітілген мекеменің Ережелеріне сәйкес бөліммен барлығы 16 функция іске

асырылады.

     III. Бөлім мен орталықтың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімге қатысты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

 

      Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

 

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік

қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

туралы»Заңы;

 

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1

қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес төмендегі қызметтер.

 

- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын

бекіту»;

 

 

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;

- «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші ауыстыруға түпкілікті шешім беру»

-  «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін учаскелерін беру»;

- «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі учаскелеріне құқықтар алу;

- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

-  «Бүлінген жерлерді қалпына жобасын келісу және беру»;

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

 

3.1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-ші қосымшасының 4-ші бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету нысаны «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады» «қағаз түрінде» делінген. Бұл өз кезегінде қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасында қарым-қатынас туындап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғады.

 

ҰСЫНЫМ: Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-ші тармағының 4-ші тармақшасын өзгерістер енгізіп, аталған мемлекеттік қызметті тек ЭҮП арқылы, тек электронды түрде көрсету мүмкіндігін қарастыру. ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетіне ұсыныс беру. Ұсыным Ақтөбе облысының шаруашылығы жер қатынастары басқармасына жолданды.

 

3.2. Конкурс Жер кодексінің 43, 43-1 баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша отеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» (бұдан әрі Қағида) сәйкес реттелген.

 

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдың алу мақсатында:

   Шаруа қожалығын жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскелерін беру конкурс арқылы табысталады.

    Конкурс жер кодексі мен талаптарына сәйкес реттелген. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды салыстыруды арқылы жеңімпазды анықтайды.

ҰСЫНЫМ

    Шаруа қожалығын жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскелерін беру конкурс арқылы табыстау электронды форматқа өзгерту мүмкіндігін қарастыру. Ұсыным Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жер қатынастары басқармасына жолданды. Конкурс-аукцион арқылы жер учаскелерін табыстау тетігі өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және ашықтықты қамтамассыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» өзгерістер енгізу жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы

министірлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетіне ұсыныс беру.

 

3.3 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

  Қағидағиданың 5-тармағында «жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде

қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден

«электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы талап етеді делінген.

   Қызметті берушінің жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы алуға мүмкіндігі жоқ. Бұл ретте Қағида талаптарына сәйкес тізбеде көрсетілмеген

құжаттарды сұратуға тыйым салынбаған, бұл өз кезегінде өтінішпен жұмыс жасау барысында қиындық тудыртады және құжаттарды сұрату сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызады.

ҰСЫНЫМ: «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі

Қағидасына құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын ұсынылатын

құжаттар тізбесіне қосу бойынша өзгерістер енгізу жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетіне ұсыныс беру.

 

3.4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1

қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл,

ауылдық округ әкімі көрсетеді.

  Алайда, аталған қызмет 2022 жылдың ішінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүргізіліп, толық автоматтандырылған болатын. Бұл ретте, аталған қызмет мемлекеттік органның қатысуынсыз электронды түрде

жүргізіліп жатқандықтан, 2023 жылдан бастап мемлекеттік көрсентілетін қызмет түрі 0 (нөл) деп көрсетілуде. Сол себепті, аталған мемлекттік қызмет Қағидасын қайта қарау және қызметті көрсетуші ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамын белгілеу қажет деп санаймыз.

 

ҰСЫНЫМ: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қағидасына қызметті көрсетуші ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамын белгілеу туралы өзгерістер енгізу жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетіне ұсыныс беру.

 

 

«Жер қатынастары бөлімі» ММ

басшысының у.м.а:                                                                        А.Даримова

 

Дата публикации
28 июня 2023