«Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама
19 маусым 2023 жыл Мәртөк ауылы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының ішкі саясат тілдер дамыту бөлімінің келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 17.05.2023 жылғы №29 бұйрығымен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:
1) Ж.Елібаев бөлім басшысы, топ басшысы
2) А.Өмірзақов – бөлімнің бас маманы;
3) К.Битанова – бөлімнің бас маманы;
Талдаудың негізгі мақсаты: Мәртөк ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша қызметіне ішкі талдау.
Талдаудың мақсаты мен міндеті: қалыптасқан тәжірибелерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау жағдайлары мен себептерін анықтау.
Талдау кезеңі: 2023 жылғы 1қаңтар-1маусым аралығы қамтылды. Бөлімінің жұмысында нормативтік құқықтық актілерінде, бөлімнің ұйымдастыру – басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бөлім маңызды күндер бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтау, этносаралық қатынастарды дамыту жұмысын ұйымдастырады. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде және бөлімнің барлық мемлекеттік сатып алулар қызметтерінде атқарады. Аталған қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 6 негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Аталған міндетті орындау бағытында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып бірқатар жұмыстар атқарды. Өздеріңізге мәлім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы елімізде жүзеге асырылып, қоғам тарапынан қолдау тауып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымды насихат жүргізу арқылы азаматтардың санасына сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілікті сіңіру қажет. Бұл бағытта жыл басынан бері БАҚ-та және аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында әр түрлі тақырыптағы 5 мақала жарияланды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы тиімді алдын алу механизмі болып табылады. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылы қаңтар және маусым айында бөлімнің 2023 жылдағы қызметіне Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижесіне сәйкес, барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің қызметін атқаруда, негізсіз кадр ауыстыру, мүдделер қақтығысы анықталмады. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жарияланбаған.
1.Ұсыным:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 48 –тармағына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін берілген өтінімдер кері қайтарып алынуы мүмкін деп өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жолдау.
Қағиданың 50 тармағында өңірлік комиссия өтінімдер бар конверттерді тапсырысты орналастыруды өткізу туралы ақпараттық хабарларда көрсетілген мерзімде және орында алған жағдайда оларды ашады және ашу хаттамасын рәсімдейді деп көрсеткен.
Аталған тармақты мемелекеттік сатып алу вебпорталы конкурстық өтінімдерді автоматты түрде ашады және веб- порталда тиісті ашу хаттамасын орналастырады деп өзгерту ұсынылады. Себебі ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу веб порталында жариялау көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Тиісінше , уәкілетті органдар тексеруді қашықтықтан да жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министірінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 50-тармағын мемлекеттік сатып алу вебпорталы конкурстық өтінімдерді автоматты түрде ашады және веб-порталда тиісті ашу хаттамасын орналастырады деп өзгерту бойынша ұсыныстар жолдау.
11.5. Қағиданың 51-тармағында қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасына отырыста Өңірлік комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды деп көрсетілген. Аталған тармақты алып тастау немесе барлық ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қаралу ұсынылады. Себебі, ақпараттық тапсырысты мемлекеттік мсатып алу веб-порталында жариялау рәсімдік сәттерді автоматтандыруға және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 51 –тармағына ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы қаралу немесе алып тастау бойынша ұсыныстар жолдау
Қағиданың 58 тармағында өңірлік тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына отырыста өңірлік комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері қол қояды делінген.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 58 –тармағын нәтижелер хаттамасына мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы өңірлік комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды деп өзгерту бойынша ұсыныстар жолдау.
ҰСЫНЫМДАР:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:
1.Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 48-тармағына «өтінімдерді қабылдаумерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер жазбаша түрде кері қайтарылып алу» деп өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетіне ұсыныс беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес заңнамамен белгіленген уақытта бөлім қызметкерлерімен салық органдарына жеке табыс және мүлік салықтары бойынша декларациялар уақытылы тапсырылған. Бөлімнің барлық қызметкерлері Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасы бойынша тексерілген. Бөлімнің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлесімсіз қызметі туралы лауазымды тұлғалар мен азаматтардан арыздар түспеді, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын фактілер мен бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.Мүдделі органдармен және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылатын шаралар жалғасын табады.
Бөлім басшысы Ж.Елібаев