ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
«17» маусым 2023 жыл Мәртөк ауылы
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
|
Амантурлиев Бостан Бадиканович |
Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, топ жетекшісі |
|
Кенжебаева Гулназ Кайратовна |
Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы, топ мүшесі |
|
Тимербаева Раушан Жетегеновна |
Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, топ мүшесі |
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Мәртөк ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 мамырдағы №12 өкіміне сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі – мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы орындау болып табылады.
Бөлім мен мәдениет орталығы өз қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мекеменің Ережесіне сәйкес асырады.
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,Сейфуллин көшесі, 38.
ІІ. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды нормативтік құқықтық актілерді бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі;
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 40 маусымдағы Конституциялық Заңы.
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелді;
«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10176 тіркелді;
НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:
№1 тәуекел:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 және «Балалар мен жасөспірімдерге арналңан шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрықтарында өнім беруші ұғымының қазақша нұсқасымен орысша нұсқасының сәйкес келмеуі мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу кезінде заң бұзушылық тәуекелдігіне әкелуі мүмкін.
Өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.
Поставщик – юридическое лицо или индивидуальный предприниматель независимо от формы собственности, ведомственный подчиненный, типов и видов, кроме организации образования.
Ұсыным:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 және «Балалар мен жасөспірімдерге арналңан шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрықтарында өнім беруші ұғымының қазақша нұсқасымен орысша нұсқасының сәйкестендіру.
№2 тәуекел:
Мәртөк ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі қарамағында 2 мекеме бар,
Осы мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеуге және орналастыруға, олардың біліктілігін арттыруға, қызметкерлерді аттестаттауға, басшылар, мамандар арасында еңбекті бөлуге, сондай-ақ қызметкерлердің осы санаттарының лауазымдық міндеттерін және оларға қойылатын еңбекақы төлеу санаттары бойынша біліктілік талаптарын айқындауда бірыңғайлықты қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15495 болып тіркелген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес мекеме басшыларын конкурстық негізде немесе ҚР «Еңбек Кодексіне» сәйкес бұйрық арқылы тағайындау жүзеге асырылады.
Ұсыным:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15495 болып тіркелген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» қағидасына өзгеріс енгізу ұсынылады.
№3 тәуекел:
Мәртөк ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2 маман қызмет атқарады. Оның ішінде 1 маман бухгалтерлік қызмет атқарады, соның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы әр жылда өзгеріске ұшырайды. Ал, жауапты маман өзгеріске ұшыраған заңды тек өзінің ізденуімен интернет желісі немесе база арқылы біледі. Портал арқылы конкурсқа шыққанда кейбір қателіктерді жібереді. Арнайы оқытуға немесе тәжірибие алмасу үшін қаржы бөлінбейді.
Ұсыным:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңы өзгеріске ұшыраған уақытта кемінде жылына 1 рет оқыту немесе тәжірибие алмасуды ұйымдастыру.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша.
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бөлімнің құзыреттілігінде көзделмеген.
«Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің штат саны 3 бірліктен тұрады: 1 бөлім басшысы Амантурлиев Бостан Бадиканович аталған лауазымда 2021 жылғы 8 ақпанына бастап қызмет атқарады; 1 бас маман Кенжебаева Гулназ Кайратовна аталған лауазымда 2020 жылдың 15 мамырынан бастап қызмет атқарады; 1 бас маман Тимербаева Раушан Жетегеновна аталған лауазымда 2021 жылдың 8 ақпанынан бастап қызмет атқарады;
Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай өздерінің қызметін атқаруда. Бөлім мәдениет және спорт саласы бойынша қызмет көрсетеді, рұқсат беру функциялары бар.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11 бабына сәйкес заңнамамен белгіленген уақытта бөлім қызметкерлерімен салық органдарына жеке табыс және мүлік салықтары бойынша декларациялары уақытылы тапсырылған.
Бөлімнің барлық қызметкерлері Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасы бойынша тексерілген.
Еңбек тәртібін бұзу фактісі жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі шектеулерді бұзу фактісі анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет кезінде әкімшілік немесе құқық бұзушылық жасаған фактілер болған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану фактісі жоқ.
Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан мерзімінде өтпеген мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бас маман Г.Кенжебаева
Бас маман Р.Тимербаева
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Бөлім басшысы Б.Амантурлиев