Аналитическая справка по результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности Мартукского районного отдела архитектуры, градостроительства и строительства

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің  қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Мәртөк ауылы                                                                                          26.06.2023 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы                           16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бөлімнің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 19 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Кульшанаев Нурмухан Шидербаевич               Бөлім басшысы, топ жетекшісі;

 

Агеева Светлана Васильевна                               Бөлімнің бас маманы, топ мүшесі;

 

Еденова Эльвира  Амандаулетовна                  Бөлімнің бас маманы, топ мүшесі;

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 22.05.-22.06.2023 жыл аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2022 жылмен 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығы қамтылды.
  3. Бөлім бас маманы Эльвира Амандаулетовна Еденоваға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

          1) Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Талданатын объект туралы мәліметтер:

          Бөлім құзыреті шегінде аудан аумағында құрылыс салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың желілерінің құрылысын салу бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

          Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрлысы және құрылыс  қызметі туралы және өзге де заңдарға, нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

          Мекен-жайы: Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, № 38.

ІІ. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды нормативтік құқықтық актілерді бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.  

          Бөлім қызметінде келесідей  НҚА пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі;

 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;

          «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелді;

          «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы  30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10176 тіркелді;

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі  № 242 Заңы;

«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығы.

          «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Мәртөк ауданы әкімдігінің  2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 435 қаулысы.

2.1. НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

          «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің   2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығының 12 тармағында:

          Бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:

          осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

          осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

 

          осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;

          осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды»делінген.

          Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады.

          Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

          Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

          Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

          Бөлім яғни Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құрал-жабдықтар қаралмаған.

          Талдаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс объектілерін құқық қорғау органдары тарапынан тексерулер саны айтарлықтай өскені байқалады.

          Жыл көлемінде тек аудандық құрылыс бөлімінде прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарынің хатына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 19 объектіге жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде қылмыс құрамының боламауынан, әкімшілік хаттама толтырып айыппұл төлеумен және ескерту түріндегі жазалар қолданылды.

          Іс жүзінде барлық жағдайларда жауапкершілікке тек бөлім қызметкерлері тартылатынын, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша елеусіз қалатынын ерекше атап өткен жөн.

          Бөлім қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады ("Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына ( 3-1-қосымша).

Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің ҚМЖ көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.

          Сондай – ақ, мемлекеттік қызметшілер 1 млрд.теңге құны бар объектілер бойынша орта есеппен 20,0 - 40,0 млн. теңгені құрайтын техникалық қадағалау кірістерімен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз жалақы алатынын (мемлекеттік қызметкерлер 200-ден 300 мың теңгеге дейін (штаттан тыс қызметкерлер 110-130 мың теңгеге дейін)атап өту қажет.

ҰСЫНЫМ:

- Жоғарыдағы мән-жайлардың негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыным хат жолдау қажет.

2.2. Бөлім басшысы жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу және де басқа мақсаттағы жер телімдерін рәсімдеу кезінде азаматтардың жерге орналастыру жобаларына келісім береді. Бұл процесс қағаз түрінде және азаматтармен тікелей байланысқа түседі.

ҰСЫНЫМ:

- Аталған қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізіп, электрондық форматқа көшіру мәселесін қарастырған жөн.

2.3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңның 12-бабына 4-тармағына сәйкес, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндеттелген.

Бөлім тарапынан осындай өнім берушілерге Қазақстан Респбликасының «Азаматтық процестік кодексіне» сәйкес, ескерту хаттары жолданып келеді. Мемлекеттік сатып алу шартын бұзған өнім берушілерді тиісті заңдылықтарға сәйкес отыз күн ішінде Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыздар берілуде. Жәнеде бөлімнің талап арызына сәйкес аталған заң бұзушылықтар сот органдарында ұзақ мерзімде қаралып құқықтық олқылықтар анықталуы мүмкін.

Осылайша талап арыз қанағаттандырудан бас тартылып Мемлекеттік сатып алу туралы заңын бұзу фактісінен жеңіл құтылады.

ҰСЫНЫМ:

- Мемлекеттік сатып алу туралы порталына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, мұндай әлеуметті өнім берушілердің  ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзғандығы туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталына көрінетіндей автоматты жүйе қалыптастыру туралы;

- ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет деп санаймыз. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы ұсынымдар беру қажеттілігі ұсынылады.

2.4. Әлеуетті өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан: Ал, міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындаған) жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы қаралған.

Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152-бабына сәйкес,мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді.

Сонымен қатар, Шарт бойынша жұмыстарды қасақана кешіктірген әлеуетті өнім берушілер ескерту хатынасәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арызберілуін күтеді. Себебі: Көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 пайызға дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.

Бұл өз кезегінде, қызмет барысында Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда.

ҰСЫНЫМ:

-Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы;

- Сотқа аппеляциялық шағым келтіру кезінде екі жақты шартқа сәйкес және бөлімнің ережесіне сәйкес, жоғары тұрған органның келісімінсіз тікелей аппеляциялық шағым келтіру туралы ұсынымдар беру қажет.

2.5.Тексеру нәтижесімен немесе түрлі ұсыныстар негізінде бөлім басшысының бұйрықтарымен тәртіптік жазалар қолданылады. Аталған тәртіптік жазалар мерзімінен бұрын алынып тасталуы мүмкін. Осы орайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

          Тәртіптік жазаны 3 айға жетпей мерзімінен бұрын алып тастау мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін төмендетуіне және олардың қызметінің тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін.

ҰСЫНЫМ:

- мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арттыру мақсатында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу тәжірбиесін жоюды қамтамасыз ету;

- тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды шектеу бойынша тиісті НҚА өзгеріс енгізу туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігіне ұсыныс хат жолдау қажет етеді.

 

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

2022 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

          Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 3 бірлік;

          Штаттан тыс қызметкердің саны –2 бірлік.

          Тәртіптік жаза бойынша 3 тәртіптік шара қолданылды. Оның ішінде ескертулер – 3, сөгіс – 0, қатаң сөгіс – 0, қызметтік талаптарды орындамау туралы ескерту – 3. Қайтадан тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны – 0.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 3  бірлік;

Штаттан тыс қызметкердің саны – 2 бірлік.

Тәртіптік жаза бойынша 2022 жылы 3 тәртіптік шара,  2023 жылы 1 тәртіптік шара қолданылды. Оның ішінде ескертулер санды – 4. Қайтадан тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны - 1.

Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

 

 

ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша.

Бөлімді талдау кезеңінде сыйақы алу рәсімдеріне талдау жүргізілді. Бөлім басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметшілермен штаттан тыс кызметкерлерге 2022 жылы 1 реттік сыйақы берілген. Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысының талаптарына сәйкес сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша.

Мәртөк аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімімен 5 (төрт) мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты қызметкерлер бекітілген. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерге мониторинг бөлімімен ұдайы бақыланып отырады.

- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;

- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

- «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу және                «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөніндегі анықтама беру»;

- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»;

- «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (құрылыстарды бұзу)»;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзім бұзушылық және өтінішті негізсіз қайтару орын алмаған.

          Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы  орындалған. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі барынша төмен деп айтуға болады.

VІ.Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша.

          Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бөлімнің құзыреттілігінде көзделмеген.

VІІ. Бақылау функцияларын іске асыру бойынша.

«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы               № 229 бұйрығына сәйкес  2022-2023  жылдың мамыр аралығында Мәртөк аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандардағы жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылау жүргізді. Құрылысы басталған әлеуметтік нысандағы  жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылауды құрылыс бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері  жүзеге асырды.

- бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері-орын алған жоқ;

- тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері- орын алған жоқ;

- бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімдерін бұзудың жүйелі фактілері- орын алған жоқ;

- бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі-орын алған жоқ;

- ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі- орын алған жоқ;

- тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдерінің, қамтылатын кезеңнің, бақылау іс-шараларын жүргізуге уәкілетті адамдардың өкілеттіктерінің, бақылау объектілерін іріктеу критерийлерінің, тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша шешім қабылдаудың, бақылау іс-шараларын тоқтата тұру немесе ұзарту рәсімдерінің болмауы не ішінара реттелуі- орын алған жоқ;

- бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы- орын алған жоқ;

- фото және бейнетіркеу бойынша талаптардың болмауы- орын алған жоқ;

- тексеру парағы талаптарының негізсіздігі- орын алған жоқ;

- жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылауіс-шараларын жүргізу- орын алған жоқ;

- өңірлер, бұзушылықтар түрлері, қолданылатын санкциялар бөлінісінде бақылау іс-шараларын талдау бойынша жұмыстың болмауы немесе жеткіліксіздігі- орын алған жоқ;

- бақылау іс-шараларын жүргізген тұлғалардың бақылау объектілерінің өкілдерімен үлестес болу фактілері- орын алған жоқ.

VIІІ.  Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2022 жылдың жылдық қаржы жоспары – 3,154,542,500,00мың  теңге

2022 жылы игерілген қаржы  - 2,999,179,276,16 мың теңге

2022 жылы игерілмей қалған қаржы- 116,529,523,84 мың теңге

2023 жылдың қаңтар-мамыр айына игерілген қаржы  - 478,407,338,40 мың теңге

2023 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында игерілмей қалған қаржы –5,661,60 теңге.

ІX. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2022 жылғы арналған мемлекеттік сатып алудың жоспары бойынша
153 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

2023 жылдың(31.05.2023 жылғы жағдай бойынша) арналған мемлекеттік сатып алудың жоспары бойынша 49 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім осы кезге дейін ешқандай ақпараттық жүйе әзірлемеген. Ақпараттық жүйенің барлығы Мәртөк ауданы әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:

- 2022 жылы барлығы –1524 құжат (кіріс 798, шығыс - 726).

 2023 жылдың 27 мамырына кіріс хаты- 318. Шығыс хаты- 365 тіркелген.

Өтініштер бойынша:

2022 жылы жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініші келіп түскен. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 8 өтініштің 8 заңға сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап беріліп.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түскен. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 3 өтініштің 3-не заңға сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап берілген болатын.

Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жеке қабылдау орны: Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, № 38 мекенжайы. Жеке қабылдау кестесі ғимаратта көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі бөлімнің қабылдау бөлімінде орналасқан.

Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, бөлім қызметшілері қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттері орын алмаған.

Талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша:

 

 

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныс беру.

1.2. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне:

Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды шектеу бойынша тиісті НҚА өзгеріс енгізу туралы ұсыныс хат жолдау.

1.3. Мемлекеттік сатып алу басқармасына және уәкілетті органдарға:

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзғандық үшін мемлекеттік сатып алу порталына автоматты жүйе қалыптастыруға ұсыныс хат жолдау;

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу туралы ұсыным хат жолдау.

1.4.Мемлекеттік сатып алу басқармасына және уәкілетті органдарға:

Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу бойынша ұсыным хат жолдау;

Әлеуетті өнім берушілерді сотқа аппеляциялық шағым келтіру кезінде екі жақты шартқа сәйкес және бөлімнің ережесіне сәйкес, жоғары тұрған органның келісімінсіз тікелей аппеляциялық шағымды Бөлім арқылы келтіру туралы ұсыным хат жолдау.

 

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Бөлім басшысы

Топ жетекшісі                                                        Н. Кульшанаев

 

Жұмыс тобы мүшелері:

Бөлімнің бас маманы                                           Э.Еденова

 

Бөлімнің бас маманы                                           С. Агеева

 

Бөлімнің жетекші маманы                                  А. Муратбаева

 

 

 

 

Қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Бөлім басшысы                                                                Н. Кульшанаев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2023