Справка о результатах проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности за январь-июнь 2023 года Государственного учреждения» Мартукский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

«Мәртөк аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2023 жылғы  қаңтар-маусым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

19 маусым 2023 жыл                                                            Мәртөк ауылы

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлімінің келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

          1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 26.05.2023 жылғы №57 бұйрығымен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:

          1) А.Габбасов бөлім басшысы, топ басшысы

          2) С.Жанадилов – бөлімнің бас маманы;

          3) А.Жекешева – бөлімнің бас маманы;

          Талдаудың негізгі мақсаты: Мәртөк аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша қызметіне ішкі талдау.

І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

          1) Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Талданатын объект туралы мәліметтер:

          Бөлім құзыреті шегінде жолдарды жөндеу, су құбырларын  реконструкциялау, газ құбырларын және электрмен жабдықтау қызмет көрсету, кезекте тұрған азаматтарға мемелекеттік тұрғын үй беру жұмыстарын ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

          Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, қызметі туралы және өзге де заңдарға, нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

          Мекен-жайы: Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, № 38.

ІІ. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды нормативтік құқықтық актілерді бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.  

          Бөлім қызметінде келесідей  НҚА пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі;

 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;

          «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелді;

          «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы  30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10176 тіркелді;

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24039 тіркелді.

«Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» ҚР Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңымен, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 Бұйрығы, бұдан әрі - қағидалар) және электр энергиясын пайдалану қағидаларымен (ЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығы) регламенттеледі.

          «Мәртөк аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Мәртөк ауданы әкімдігінің  2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 342 қаулысы.

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 4  бірлік;

Штаттан тыс қызметкердің саны – 2 бірлік.

Тәртіптік жаза бойынша,  2023 жылы 1 тәртіптік шара қолданылды. Оның ішінде ескертулер санды – 1. Қайтадан тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны - 0.

Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша.

Бөлімді талдау кезеңінде сыйақы алу рәсімдеріне талдау жүргізілді. Бөлім басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметшілермен штаттан тыс кызметкерлерге 2023 жылы 2 реттік сыйақы берілген. Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысының талаптарына сәйкес сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша.

Мәртөк аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 9 (тоғыз) мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты қызметкерлер бекітілген. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерге мониторинг бөлімімен ұдайы бақыланып отырады.

- «Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау»;

- «Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту»;

- «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу;

- «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру»;

- «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару»;

- «Ағаштарды кесуге рұқсат беру»;

-«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»;

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»;

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру»;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзім бұзушылық және өтінішті негізсіз қайтару орын алмаған.

          Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - «Электрондық үкімет» және «Кезекте.кз» веб-порталы арқылы  орындалған. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі барынша төмен деп айтуға болады.

VІ.Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша.

          Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бөлімнің құзыреттілігінде көзделмеген.

VІІ. Бақылау функцияларын іске асыру бойынша.

«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы               № 229 бұйрығына сәйкес  2022-2023  жылдың мамыр аралығында Мәртөк аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандардағы жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылау жүргізді. Құрылысы басталған әлеуметтік нысандағы  жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылауды құрылыс бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері  жүзеге асырды.

- бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері-орын алған жоқ;

- тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері- орын алған жоқ;

- бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімдерін бұзудың жүйелі фактілері- орын алған жоқ;

- бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі-орын алған жоқ;

- ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі- орын алған жоқ;

- тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдерінің, қамтылатын кезеңнің, бақылау іс-шараларын жүргізуге уәкілетті адамдардың өкілеттіктерінің, бақылау объектілерін іріктеу критерийлерінің, тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша шешім қабылдаудың, бақылау іс-шараларын тоқтата тұру немесе ұзарту рәсімдерінің болмауы не ішінара реттелуі- орын алған жоқ;

- бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы- орын алған жоқ;

- фото және бейнетіркеу бойынша талаптардың болмауы- орын алған жоқ;

- тексеру парағы талаптарының негізсіздігі- орын алған жоқ;

- жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылауіс-шараларын жүргізу- орын алған жоқ;

- өңірлер, бұзушылықтар түрлері, қолданылатын санкциялар бөлінісінде бақылау іс-шараларын талдау бойынша жұмыстың болмауы немесе жеткіліксіздігі- орын алған жоқ;

- бақылау іс-шараларын жүргізген тұлғалардың бақылау объектілерінің өкілдерімен үлестес болу фактілері- орын алған жоқ.

VIІІ.  Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2023 жылға 1 813 698,6 қаражат бөлінді, бүгінгі күнге 927 472 279 игерілді

ІX. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2023 жылдың(17.05.2023 жылғы жағдай бойынша) арналған мемлекеттік сатып алудың жоспары бойынша 38 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім осы кезге дейін ешқандай ақпараттық жүйе әзірлемеген. Ақпараттық жүйенің барлығы Мәртөк ауданы әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:

2023 жылдың 19 маусымына кіріс хаты- 720. Шығыс хаты- 130 тіркелген.

Өтініштер бойынша:

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында жеке және заңды тұлғалардан 10 өтініш келіп түскен. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 10 өтініштің 10-ға заңға сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап берілген болатын.

Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жеке қабылдау орны: Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, № 38 мекенжайы. Жеке қабылдау кестесі ғимаратта көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі бөлімнің қабылдау бөлімінде орналасқан.

Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, бөлім қызметшілері қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттері орын алмаған.

Талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша:

 

 

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныс беру.

1.2. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне:

Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды шектеу бойынша тиісті НҚА өзгеріс енгізу туралы ұсыныс хат жолдау.

1.3. Мемлекеттік сатып алу басқармасына және уәкілетті органдарға:

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзғандық үшін мемлекеттік сатып алу порталына автоматты жүйе қалыптастыруға ұсыныс хат жолдау;

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу туралы ұсыным хат жолдау.

1.4.Мемлекеттік сатып алу басқармасына және уәкілетті органдарға:

Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу бойынша ұсыным хат жолдау;

Әлеуетті өнім берушілерді сотқа аппеляциялық шағым келтіру кезінде екі жақты шартқа сәйкес және бөлімнің ережесіне сәйкес, жоғары тұрған органның келісімінсіз тікелей аппеляциялық шағымды Бөлім арқылы келтіру туралы ұсыным хат жолдау.

 

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

          

        

«Мәртөк аудандық

 тұрғын-үй коммуналдық

 шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль

 жолдары бөлімі»  ММ  басшысы                                      А.Габбасов                                     

Дата публикации
28 июня 2023