ТАЛДАМАЛЫҚ АҚПАРАТ Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ  АҚПАРАТ

Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

22.06.2023 жыл                                                                                           Мәртөк селосы

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі- бөлім) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.

              2 .Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі таодау жүргізудің үлгілік қағмдаларына сәйкес жүргізілді.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Бөлімнің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 45 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

 

Кадыров Диас                                         Бөлім басшысының орынбасары, топ жетекшісі

Коштаевич                                                   

 

Утаралина Вера                                     Сектор меңгерушісі, топ мүшесі;

 Вячеславовна

 

Сақабаев Шахнияз                                Сектор меңгерушісі, топ мүшесі;

Шахмарданұлы

 

Кубенова Асель                                     Бас маман, топ мүшесі;

Серековна

 

Динасилова Майра                                Бас маман, топ мүшесі;

Рашидуллаевна

 

Бондаренко Ирина                                 Бас маман, топ мүшесі

Геннадьевна

 

Агейкина Анастасия                              Бас маман, топ мүшесі

Сергеевна

 

Исмагулова Альбина Тимуровна        Бас маман,топ хатшысы.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 22.05.-22.06.2023 жыл аралығында жүргізілді
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаумен 2022 жыл және 2023 жылдың 20 маусымға аралығындағы кезең қамтылды.
  3. Бөлім басшысының орынбасары Д.Кадыров және бөлімнің бас маманы А.Исмагулова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
  2. Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  3. Бөлімнің ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Бөлім құзыреті шегінде Мәртөк ауданындағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асырады.

               Бөлімнің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық  актілерге, соңдай-ақ, Бөлімнің Ережесіне сәйкес іске асырады.

                Мекен-жайы: с. Мәртөк Сейфуллин көшесі,36

 

2.Бөлімнің қызметіне, оның ұйымдастыру- басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

                Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

  • Қазақстан Ркспубликасының Бюджет кодексі;
  • Қазақстан Ркспубликасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Ркспубликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4

  желтоқсандағы Заны;

  • «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының    

2015 жылғы 31 қазандағы Заны;

  • Қазақстан Ркспубликасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 каулысы;

  • «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір

мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығы;

-    «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы.

 -    «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы.

-    «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығы.

- «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі;

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы;

-Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы Заңы;

-Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі;

- «Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

-Қазақстан Республикасының «Банкрот туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

- «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығы.

- Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбом бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.м. 02.08.2011жылғы №390 бұйрығы;

-«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 жылғы №629 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;

- «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы №281 бұйрығы.

-«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына.

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

   2.1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы зерделенді.

    Бөлім жыл сайын Ақтөбе  облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы Мәртөк  ауданының индикаторларының орындалуы туралы есепті қалыптастырады. Осы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын  (бұдан әрі-Қаулы) басшылыққа алады.

        ҰСЫНЫМ:

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлкеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысындағы 155 тармағына сәйкес мониторингтеу мерзімдерін қайта қарау ұсынылады.

     2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті  мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары зерделенді.

Жалдау қағидаларына сәйкес жалға беруші- мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не жергілікті қоғамдастық жиналысының келісім бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімі. Аудан дңгейінде Ережеге  сәйкес Жалға беруші «Мәртөк ауданы  әкімінің аппараты » ММ белгіленді.

     Бұл ретте, тендерді дайындау және өткізу кезінде жалға беруші тендерлік комиссияны қалыптастырады, оның құзыретіне мыналар кіреді: тендердің шарттарын және тендерге қатысушыға қойылатын талаптарды айқындау;жалдауақысының ең төмендегі мөлшерлемесін белгілеу, кепілді жарнаның мөлшерін бекіту.

Тендер өткізу кезінде жалға алу Қағидаларының 34-тармағына сәйкес, өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжатардың электрондық  (сканерленген) көшірмелерін жалға беруші тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімінің веб-порталында қарайды.

Қатысушы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес  келмеген жағдайда, жалға беруші себебін көрсете отырып, қатысушыны тендерге жібермейді.

Осылайша, жалға беруші қатысушыларды тендерге жіберу туралы шешімді дербес қабылдайды.

       ҰСЫНЫМ:

2.3. Жалға алу Ережесінің 47-тармағына сәйкес, жалға берілетін  объектілерді қосалқы жалға беру баланс ұстаушы мен жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады. Жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсаттар алу үшін жалға алушы баланс ұстаушы мен жалға берушіге қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша түрде тиісті өтініш береді.

Жалға беруші мен баланс ұстаушы жалға алушының жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру туралы өтінішін он бес жұмыс күн ішінде қарайды және мынадай шешімдерінің біреуін қабылдайды:

  • Жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға беруге келісу туралы;
  • Қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдері жалдау шартымен сәйкес келмеген жағдайда, жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға беруден бас тарту туралы.

Бұл ретте, үлгілік шартқа сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдалануын бақылауды жалға беруші жүзеге асырады. Сондай-ақ жалдау қағидаларында жалға алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынасты рәсімдеу регламенті көзделмеген, қосалқы жалға алушы субъектілеріне кім жататындығы анықталмаған, сондай-ақ, жалға алушының жалдау ақысының мөлшерлемесі белгіленбеген, бұл жалға алушыға мемлекеттік мүлікті жалға алу қағидаларында белгіленген мөлшерлемеден жоғары мөлшерлемемен қосалқы жалға беруге және кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғаларға қайта беруге мүмкіндік тудырады.

Осылайша, мемлекеттік мүліктік қосалқы жалға беру рәсімі ашықтық, есеп беру және бақылау, жариялылық, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қағидаттарына сәйкес келмейді.

      ҰСЫНЫМ: 

  • Жалға берілетін объектілерді қосалқы жалға беру кезінде жалға алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынысты рәсімін регламенттеу, қосымша жалға алушының жалдау ақысының мөлшерлемесін және қосымша жалға алушының статусын белгілеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 47,49-тармақтарына жалға алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынысты рәсімін регламенттеу , қосымша жалға алушының жалдау ақысының мөлшерлемесін және қосымша жалға алушының статусын белгілеу қажет етеді.

2.4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары (әрі қарай-Қағидалар) зерделенді.

     Қағиданың 81-тармағында мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу кезінде бағдар ретінде  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленге бағаналар дерекқоры пайдаланылады. Бұл ретте, бір дана қарастырылған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге нақтылы орташа бағаны асып түспейтін бағаналар дерекқорында бағанаға бағдарланған. Бағаналар дерекқорында жоқ болған жағдайда, жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шаттардың көшермелері, прайс-парақтар) пайдаланылады делінген.

     Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталының баға модулі бойынша таулар бағанасының орташа құнын анықтау барысында бірқатар қиындықтар туындауда. Яғни, кейбір тауарларды анықтау мүмкін емес, себебі мемлекеттік  сатып алу порталының баға модулінде жоқ.

Алайда, бюджеттік бағдарлама әкімшілері (бұдан әрі-ББӘ) тарапынан ұсынылған прайстардағы тауарлардың нақты бағасы сол сомаларда тұратындығын дәлелдеу мүмкін емес. Сол себепті үлкен тәуекелге барып, тауарларды жоғары бағамен алып келуіне мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, дерекқор жүйесіндегі бағалар қазіргі нарықтық бағалармен сәйкес келмейді. Сондықтан дерекқордағы тауарларды және тауарлардың бөлшектерін бөліп нақты көрсету керек.

«Мысалы дерекқордан компьютер іздейтін болсақ, онымен қатар компьютердің бөлшектері шығып кетеді, сол себепті компьютердің бағасы нарықтық бағадан әлде қайда төмен болып шығады.»

     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, тиісті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдер жоспарлау кезінде ББӘ бюджеттік өтінімдерін ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін ұсынулары қажет, алайда ББӘ бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру барысында дерекқор жүйесіндегі бағаларға сүйене алмайды, себебі дерекқор жүйесінде есепті жоспарлы кезеңнің бағасы көрсетіллмеген.

Осыған орай, бюджетті тиімді жоспарлау үшін мемлекеттік сатып алу порталындағы бағалар дерекқорында, келесі жылдың бағасына инфляцияны ескере отырып Республика бойынша орташа бағаны белгілеп беруді ұсынылады. Өз кезегінде аталған өзгеріс қабылданса, нақты тауардың немесе қызметтің бағасын анықтауға және сапалы жоспарлауға мүмкіндік береді.

                   ҰСЫНЫМ:

                  -Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің № 511 бұйрығымен бекітілген  Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалардың 81- тармағында мелекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығысьар түрлерін есептеу кезінде бағдар ретінде «мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тауарларға, жұмыстарға ,көрсетілетін қызметтерге белгіленген бабағаналар дерекқорын жетілдіру;

                - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2014 жылғы 24қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидалардың 81- тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу кезінде келесі қаржы жылына инфляция деңгейін қосу/ ескеру/.

III. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық туәекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

2022 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен (экономика және қаржы  бөлімі):

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 9 бірлік;

Штаттан тыс қызметкердің саны – 3 бірлік.

Бос мемлекеттік қызметке жарияланған конкурстардың саны 0.

Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілердің саны 1, тәртіптік жазасы мерзімнен бұрын алынғандардың саны – 0.

2023 жылдың қаңтар- маусым  айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

 Бекітілген құрылымға сәйкес бөлімнің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны -9, бөлім басшысы -1, орынбасары – 1, сектор меңгерушісі – 2, бас маман – 5, , штаттан тыс – 3 бірлік.

Бос мемлекеттік қызметке жарияланған конкурстардың саны 1.

Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілердің саны 5, тәртіптік жазасы мерзімнен бұрын алынғандардың саны – 5.

2020-2023 жылдар бөлімде сыбайлас жемқорлық санатына жататын заң бұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлық қа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.

Кадр мәселелерін реттеу барысында ққықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықталған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі таллдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөлімі:

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіліктер

Сыбайлас жемқолық тәуекелдері

Сыбайлас жемқолық тәуекелдерінің деңгейі

Фискалдық, бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы ,

 

Экономикалық ссаясатты дамыту секторының жетекші маманы,

 

 

Экономикалық саясатты дамыту секторының жетекші маманы,

 

 

 

 

Коммуналдық меншіткі басқарудың сектор меңгерушісі 

Тәртіптік теріс қылықтарын анықтау

КР Бюджет кодексінің 31- бабаныда бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жапуапты мемлекеттік орган болып табылады деп көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығының 42 және 55 тармағына сәйкес МЖЖ (мемлекеттік жоспарлау жүйесі) құжаттарының нысаналы индикаторлары бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті, атқарушы органдар,ведомствалық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері айқындалды деп көрметілген.

КР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27 –тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртәптәк жаза қолдану көзделген.

Мәселен , мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолда көрсетілген. Алайда, персоналды басқару қызметінің маманы тәртіптік жазақолдану барысында бұл талаптарды қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

ҚР Ұлттық экономика министтрінің бұйрығымен бекітілген 17.03.2015 жылғы № 212 Қағидасына сәйкес Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға нысан бойынша объект туралы ақпарат береді айқындалған. Яғни, веб- портал арқылы жалға берілетін мүлікке  байланысты өтінім берген объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді.

2020-2022 жылдар және 2023 жылдың қаңтар- маусым  бұндай жағдай орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі ықтимал.

 

 

  1. IV. Мүдделер қақатығысын реттеу бойынша

Бөлімді талдау кезеңінде сыйақы алу рәсімдеріне талдау жүргізілді. Бөлім басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерден бастап штаттан тыс қызметкерлерге дейін сыйақы беріліп отырған.

Аңықтама үшін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қауылсының талаптарына сәйкес сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған.

Қадрлық қамтамассыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактірлер орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бөлімінің құзыреттілігінде көзделмеген.

VII. Бақылау фукцияларын іске асыру.

Бөліммен бақылау фукциаяларын іске асырылмайды.

VIII.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2022 жылғы игерілу туралы мәлімет (мың.теңге)

Бөлінген қаржы – 4884665,7

Игерілгені – 4884622,4

Игерілмеген қаржы – 43,3 немесе 100%

2023 жылғы игерілу туралы мәлімет ( мың.теңге)

Бөлінген қаржы (қаңтар-мамыр) – 575245,4

Игерілгені (қаңтар-мамыр) – 573615,2

Игерілмеген қаржы – 1630,2

ІХ.Жеке және заңдытұлғалармен шарттар жасасу.

2022 жыл бойынша:

Бөлімінің мемлекеттік сатып алу жоспары «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлкеттік сатып алудың 2022 жылға арналған жылдық жоспарын бекіту туралы» бөлім басшысының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №102 бұйрығымен бекітілген. 2022 жылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 10, бір көзден алу тәсілімен – 11,  өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен- 11,  барлығы 32 шарт жасалған.

2023 жыл бойынша:

Бөлімінің мемлекеттік сатып алу жоспары «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлкеттік сатып алудың 2023 жылға арналған жылдық жоспарын бекіту туралы» бөлім басшысының 2023 жылғы 5 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген.

2023 жылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 16, бір көзден алу тәсілімен – 4, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен- 7, негіздемелік келісім арқылы – 3, ала іріктеу конкурсы – 1, барлыгы   31 шарт жасалған.

 

Х.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім осы кезге дейін ешқандай ақпараттық жүе әзірлемеген. Ақпараттық жүйенің барлығы Мәртөк ауданының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

ХІ. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөліміндегі құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі бойынша (2022 жыл және 2023 мамыр айы аралығы).

Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:

  • 2022 жылы барлығы 1122 (кіріс-464, шығыс-378).
  • 2023 жылдың осы кезге дейін шығыс хаты – 115, кіріс хат – 566 келіп түскен.

Өтініштер бойынша:

Талданып отырған кезендерде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді тіркеу, қарау барысы зерделенді.

 2022 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш келіп түскен. Өтінішке уақытылы жауап берілген.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында жеке және заңды тұлғалардан 9 өтініш және 1 тапсырма  келіп түскен және заңға сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап берілген.

Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алунуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орны алмаған.

ҰСЫНЫМДАР:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

1.1. ҚР Қаржы министірлігіне: Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының Қағидаларының 81-тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бағдар ретінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгілінген бағаналар дерекөорын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу;

1.2 ҚР Қаржы министірлігіне: Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидалардың 81-тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу кезінде келесі қаржы жылына инфляция деңгейін қосу туралы ұсыныс енгізу;

1.3. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қауылысының 155 тармағына сәйкес мониторингтеу мерзімдерін қайта қарау;

1.4.Облыстық  қаржы басқармасына: Жалға берілетін объектілерді қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынасты рәсім регламенттеу, қосымшажалға алушының статусын белгілеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 47,49-тармақтарына жалға алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынысты рәсімін регламенттеу, қосымша жалға алушының жалдау ақысының мөлшерлемесін және қосымша жалға алушының статусын белгілеу қажет енеді;

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерд жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

 Бөлім басшысының орынбасары,

топ жетекшісі                                                                                   Д.Кадыров

                                           

Сектор меңгерушісі, топ мүшесі                                                     В.Утаралина

 

Сектор меңгерушісі, топ мүшесі                                                     Ш.Сақабаев

 

Бас маман, топ мүшесі                                                                     А.Кубенова

 

Бас маман, топ мүшесі                                                                     М.Динасилова

 

Бас маман, топ мүшесі                                                                     И.Бондаренко

 

Бас маман, топ мүшесі                                                                     А.Агейкина

               

 Бас маман,топ хатшысы                                                                 А.Исмагулова 

 

 

Қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Бөлім басшысы                                                                                   А.Жумабаева

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары

бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан

лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Фискалдық, бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы,

 

Экономикалық саясаты дамыту секторының бас маманы,

 

Коммуналдық меншікті басқарудың бас маманы

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

ҚР Бюджет кодексінің 31-бабында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығының 42 және 55 тармағына сәйкес МЖЖ (мемлекеттік жоспарлау жүйесі) құжаттарының нысаналы индикаторлары бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері айқындалады деп көрсетілген.

ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27- тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап,нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану қөзделген.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген.

 Алайда, персоналды басқару қызметінің маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

ҚР Ұлттық экономика министерінің бұйрығымен бекітілген17.03.2015 жылғы №212 Қағидасына сәйкес баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға нысан бойынша объект туралы ақпарат береді айқындалған. Яғни, веб-портал арқылы жалға берілетін мүлікке байланысты өтінім берген объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді.

2022 жылдар және 2023 жылдың 20 маусымғабұндай жағдай орын алмаған . Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі ықтимал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөлімі:

 

«Бекітемін»

Бөлім басшысы

___________ А.Жумабаева

_____22 маусым 2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас  жемқорлыққұқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жоніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараныаяқтауныс аны

Орындау шылар

Іс-шараныорындаумерзімі

1

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 155  тармағына сәйкес мониторингтеу мерзімдерін қайта қарау

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық  экономика басқармасына ұсыныс

 

Кадыров Диас

1 жыл ішінде

2

Жалға берілетін объектілерді қосалқы жалға беру кезінде жалға алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынасты рәсімін регламенттеу, қосымша жалға алушының жалдау ақысының мөлшерлемесін және қосымша жалға алушының статцсые белгілеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 47,49- тармақтарына жалға  алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы қарым-қатынасты рәсімін регламенттеу, қосымшаға  жалға алушының жалдау ақысының мөлшерлемесін және қосымша жалға алушының статусын белгілей қажет етеді;

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық  қаржы басқармасына ұсыныс

 

Агейкина Анастасия

1 жыл ішінде

3

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалардың 81 – тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жәргілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу кезіде бағдар ретінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тауарларға,жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағаналар дерекқорын жетілдіру;

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық  экономика  басқармасына ұсыныс

 

Бондаренко Ирина

1 жыл ішінде

4

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511бұйрығымен бекітілген Бюджеттің өтінімді жасау және ұсыну Қағидаларын 81– тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу кезінде келесі қаржы жылына инфляция деңгейіне қосу;

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық  экономика  басқармасына ұсыныс

 

Кадыров Диас

1 жыл ішінде

5

ҚР Индустрия және даму инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Қазақстан Республикасының мелекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлік құралдарын күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына көлік маркаларының тізіміне толықтырулар енгізу туралы ұсыныс

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық  экономика  басқармасына ұсыныс

 

Кадыров Диас

1 жыл ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2023