Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

22 маусым 2023 жыл                                                            Мәртөк ауылы

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Мәртөк ауданы әкімінің аппараты келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

          1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 15.05.2023 жылғы   №12-Ө өкімімен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:

          1) А.Саркулов аппарат басшысы, топ басшысы

          2) М.Балғазин – бас маманы (заңгер);

          3) О.Спанов –бас маманы;,

          4) Д.Иманиязова – кадр бөлімінің басшысы;

          5) Р.Мустафина – ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

          Талдаудың негізгі мақсаты: Мәртөк ауданы әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша қызметіне ішкі талдау.

          Талдаудың мақсаты мен міндеті: қалыптасқан тәжірибелерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау жағдайлары мен себептерін анықтау.

          Талдау кезеңі: 2023 жылғы 1қаңтар-1маусым аралығы қамтылды. мекеменің жұмысында нормативтік құқықтық актілерінде, бөлімнің ұйымдастыру – басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бөлім маңызды күндер бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтау, этносаралық қатынастарды дамыту жұмысын ұйымдастырады. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде және бөлімнің барлық мемлекеттік сатып алулар қызметтерінде атқарады. Аталған қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

          Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған                     сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 6 негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

           Аталған міндетті орындау бағытында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып бірқатар жұмыстар атқарды.      Өздеріңізге мәлім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы елімізде жүзеге асырылып, қоғам тарапынан қолдау тауып келеді.        

          Бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымды насихат жүргізу арқылы азаматтардың санасына сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілікті сіңіру қажет. Бұл бағытта жыл басынан бері БАҚ-та және аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында әр түрлі тақырыптағы 10 мақала жарияланды.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы тиімді алдын алу механизмі болып табылады. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылы қаңтар және маусым айында бөлімнің  2023  жылдағы қызметіне Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижесіне сәйкес,  барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің қызметін атқаруда, негізсіз кадр ауыстыру, мүдделер қақтығысы анықталмады. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жарияланбаған.

         1.Ұсыным:

          Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 48 –тармағына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін берілген өтінімдер кері қайтарып алынуы мүмкін деп өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жолдау.

        Қағиданың 50 тармағында өңірлік комиссия өтінімдер бар конверттерді тапсырысты орналастыруды  өткізу туралы ақпараттық хабарларда көрсетілген мерзімде және орында алған жағдайда оларды ашады және ашу хаттамасын рәсімдейді деп көрсеткен.

        Аталған тармақты мемелекеттік сатып алу вебпорталы конкурстық өтінімдерді автоматты түрде ашады және веб- порталда тиісті ашу хаттамасын орналастырады деп өзгерту ұсынылады. Себебі ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу  веб порталында жариялау көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Тиісінше , уәкілетті органдар тексеруді қашықтықтан да жүзеге асыратын болады. 

  1. Ұсыным:

АХАТ бөлімінде «Некені тіркеуге өтініш беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Бұл өтініш электронды және қағаз түрінде көрсетіледі. Тек қана  электронды түре көрсету.

  1. Ұсыным:

     АХАТ бөлімінде «Некені бұзуға өтініш беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Бұл өтініш электронды және қағаз түрінде көрсетіледі. Тек қана  электронды түре көрсету.

  1. Ұсыным:

АХАТ бөлімінде «Әкелікті анықтауға өтініш беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Бұл өтініш электронды және қағаз түрінде көрсетіледі. Тек қана  электронды түре көрсету

  1. Ұсыным:

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы бұйрықта бұрынғы редакциядай А,В,С блоктарын ашып көрсету.

 

Аппарат басшысы                          А.Саркулов

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2023